Мазмұнға өту

Жаңа

«Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесері

1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне арналған фильмнің тұсаукесері болды.

Алдымен брифинг болып, артынан фильмнің көрсетілімі болды. Киноэпопеяның орыс тіліндегі нұсқасы да бар.

"Елбасы жолы" киноэпопеясы Президенттің студенттік жылдары мен ел басқаруға келген кезеңдері туралы көрсетеді. Елбасының рөлінде - Нұрлан Әлімжанов.

Екі жаңа фильмнің тұсаукесері. Қоюшы-режиссер Рүстем Абдраш.

Президенттің шет елдегі достарының рөлін ойнаған шетелдік актерлар.

Сара Алпысқызының рөлін сомдаған қыз - Мәдина.

Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов журналистердің сұрағына жауап беруде.

"Елбасы жолы" фильмінің тұсаукесері Астана қаласындағы Қазақстан Орталық концерт залында болды.

Басталды "Елбасы жолы".

Фильм өте керемет. Мақсатқа жету үшін қаншама білімнің, табандылықтың, еңбектің қажет екенін түсінесің...

   
0
0
1892

Жаңа Өзен қаласында «Жүйріктен жүйрік» атты интеллектуалдық ойыны өтті

Ағымдағы жылдың 28 қараша  күні  сағат 15.00-де «Жалын» кинотеатрының фойесінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Ақтау» студенттер Альянсы»  корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен «Жүйріктен жүйрік» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараның мақсаты Жастар арасында әріптестік қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты нығайту, біліктілігін шыңдау, волонтерлік қозғалысты дамыту болып табылады.

Ойын негізі  6 кезеңнен тұрды, 1 кезең - сұрақ-жауап сайысы, 2 кезең – пантомима сайысы; 3 кезең – ойланда тап; 4 кезең – жүйріктер сайысы; 5 кезең- тапқырлар сайысы, соңғы кезең айырмашылықтарды бірге табайық, сонымен қатар ойын қазақ тілінде өткізілді. Атап айтқанда, логикалық, тарих саласындағы сұрақтар, салт-дәстүр туралы, бейне сұрақтар және т.б. сұрақтар қойылды. Шараға Жаңаөзен қаласының  5 кәсіптік және техникалық оқу орындарының студенттері қатысты. Олар Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі, Маңғыстау облыстық медицина колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжі, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенттері.

Қатысушыларды сараптайтын қазылар алқасының құрамы Жаңаөзен қаласының жастар орталығының директоры Жолдыбаев Таңат, «Ақтау» студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Бурхандинова Гүлмира, Жаңазен қалалық жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Қожахмет Серік.

Әр оқу орыннан қатысушылар өздеріне топ құрып, топтарымен таныстырды. Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі «Жас жалын» тобы, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі- «Кәусар» тобы,  Маңғыстау облыстық медицина колледжі- «Абзал жандар» тобы, Жаңаөзен политехникалық колледжі – «Шың» тобы,  Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінен- «Жігер» тобы.

Алғаш кезеңдерде  «Жігер» тобы алға шығып,  біліктілін көрсете біліп, 3 кезеңдерге қарай  Абзал жандар  алға шықты. 6 кезеңнің қортындысы бойынша  1 орын «Жас жалын» тобы (Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі), 2 орын «Абзал жандар» (Маңғыстау облыстық медицина колледжі) , 3 орын «Кәусар» тобы  (Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі) иеленсе, алғыс хатпен «Шың» тобы (Жаңаөзен политехникалық колледжі) және «Жігер» тобы  (Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі) мараптталды. Ал ұшқыр ойымен «Үздік номинациясы» бойынша  Шабенова   Толғанай атанды.  Жеңімпаздарға сонымен қатар, дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді. (1 орын Түрлі түсті теледидар, 2 орын Музыкалық-дыбыстық ойнатқыш, 3 орын DVD, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Сандық фотоаппарат»)

 
0
0
1829

Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты

«Ақжайық» допты хоккей командасы

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Кеше, 1 желтоқсан күні Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын тізе бүктірді. Есеп — 5:4. «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді.

Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі «Знамя-Удмуртиямен» 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
421

БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлайды «Р-Спорт».

Ковалев және Силлах арасындағы күрес Канаданың Квебеке қаласында өтті. Ковалев  жекпе-жекті екінші раундта жеңіспен аяқтады. Бірінші раундта  Силлахты есеңгіретсе,  екінші раундта украин боксшысын сұлатып салды.

Силлахпен жекпе-жек Ковалев үшін кәсіби бокстағы 24-ші кездесуі еді.  Ресейлік бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Ковалев 2013 жылғы тамызда британ боксшысы Натан Клеверлиді ойсырата ұтып, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

 
0
0
258

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді.

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді. Қазақстан бұл жолы үш саты жоғарылап, 132-ші орынға тұрақтады.

Ал көш басында ешқандай өзгеріс жоқ. Әлем және Еуропа чемпионы Испания өз орнын ешкімге берер емес. Одан кейінгі — сатыда Германия, Аргентина, Колумбия құрамалары, деп хабарлады alasharena.kz.

 
0
0
300

Роман Креч Әлем кубогінің кезеңіде 500 метрлік қашықтықта жеңімпаз атанды

Қазақстандық конькиші Роман Креч
Қазақстандық Роман Креч Астанада конькимен жүгіруден өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің «В» дивизионында 500 метрлік қашықтықта үздік нәтиже көрсетті,

деп хабарлайды Vesti.kz.

Креч 500 метрді 35,38 секундта бағындырып, екінші орын алған жапондық Акио Охтадан 0,07 секундқа, үшінші нәтиже көрсеткен канадалық Вильям Даттоннан 0,08 секунқа озып кетті.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
386

Сәтсіз кезең аяқталды: «Барыс» командасы «Металлургты» жеңе бастады

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Ресей, Магнитогорск) командасын ұтты.

Бұл ойын аса қызықты әрі тартысты өтті. «Барыстың» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Найджел Доустың керемет соққысынан кейін шайба қарсыластың қақпасынан табылды. Екінші кезеңнің басында «Металлург» таразы басын теңестірді. Үш минуттың ішінде Астана қаласының хоккей клубы тағы да алға шықты. Бірақ үшінші кезеңде Металлург құрамасының хоккейшісі Тим Брент дубль жасап, есепті теңестіріп кетті. 2:2. «Барыс» өз шабуылдарын үдетті. Соның арқасында үшінші шайба соғылды. Дастин Бойдтың соққысынан кейін шайба «Металлургтың» ойыншысы Е.Тимкиннің конькиіне тиіп, В.Кошечкиннің қақпасына бірақ кірді. Есеп — 3:2. Осыдан кейін «Металлург» есепті теңестіру үшін барын салды. «Барыстың» ережені бұзып, екі хоккейшіге кем құрамда ойнағанын пайдаланып, қақпашының орнына қосымша бір ойыншыны да шығарып көрді. Алайда «Барыстың» қорғанысын бұза алмады. Брэндон Боченскидің есепті 4:2-ге жеткізуге тамаша мүмкіндігі болды. Шайба бос тұрған қақпаға бағытталды. Бірақ ол штангаға тиді. Ойынның аяқталуына дейін 10 секундтай қалғанда «Металлург» таразы басын теңестіріп кетті. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында «Барыстың» мерейі үстем болды. Роман Старченконың дәл тигізген соққысы командаға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп — 4:3 (Б).

Айта кетейік, магнитогорлық «Металлург» хоккей клубы «Барыс» үшін оңай қарсылас емес. Өткен жылғы чемпионатта екі команда төрт рет кездескен болатын. Сол ойындардың барлығында да «Металлургтың» мерейі үстем болды. Биылғы чемпионат аясында өткен алғашқы ойында да «Барыс» оны жеңе алмай, 1:2 есебімен жол берген. Осы жолы сәтсіз кезең аяқталды деуге болады. Бұл мачтан кейін Астана қаласының хоккей клубы екі ұпайға қол жеткізіп, барлығы 64 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде 4-орнын сақтап келеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
499

Қош келдің, әппақ қыс!

Қыстың алғашқы дүйсенбісі құтты болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеп, далада аяз болғанымен көңілде жылу болуын тілейміз!

Алдағы мейрам көп, көңіл-күйлеріңіз үнемі көтеріңкі болсын!

Жаңа жыл келіп қалды, осы бастан дайындалайық)

0
0
4450

ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерді Тұңғыш Президент Күнімен құттықтады

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын.

Бүгін біздің армиямыз Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ТМД елдері әскерлері арасында көш бастады. Біздің Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қауқары халықаралық жаттығуларда және  2013 жылы 7 мамырда өткізілген Жауынгерлік парадта кеңінен көрсетілді. Сіздер өздеріңіздің жоғары әскери шеберліктеріңізді, жауынгерлік өзара іс-қимыл танытудағы деңгейлеріңізді, іс жүзінде өз істеріңіздің кәсіби шебері әрі нағыз патриот екендіктеріңізді таныттыңыздар!

Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың: «Қазақстандық әскери қызметші әрқашан патриотизмнің эталоны және жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс» деген  ақылын есте сақтап, күнделікті басшылыққа алуға міндеттіміз.
Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға денсаулық, бақыт және Отанымызға бейбіт аспан тілеймін!
0
0
2566

Теңізде, ескексіз қайықтай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Теңізде, ескексіз қайықтай,

Желкенде түсті, тұра алмай.

Әкетті толқын, тоқтатпай,

Әлекке түсті, күй мен жай.

 

Сағыныш, сағым, жылдарым,

Қайтейін, таусылды шыдамым.

Сонда да, сен едің, мұңарым,

Толқынмен, адасқан, арманым.

 

Іздеумен, болдым ау, мен әлек,

Жылайды, неліктен, бұл жүрек?

Кездесіп қалдық па, ертерек?

Сен жоқта, бұл жалған не керек?

0
1
400