Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты

«Ақжайық» допты хоккей командасы

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Кеше, 1 желтоқсан күні Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын тізе бүктірді. Есеп — 5:4. «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді.

Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі «Знамя-Удмуртиямен» 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
389

Осы тақырып бойынша

Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты - Yvision.kz