Мазмұнға өту

Жаңа

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз-хабарламасы

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болды, онда құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстануы мәселелері талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kukyktyk-trtipti-zhne-kylmyska-karsy-kuresti-kamtamasyz-etu-zhonindeg-5

0
0
406

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында спорт кешені ашылды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға орайластырылған Сарысу ауданындағы бірнеше әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты. Жалпы құны 225,9 млн. теңге болатын 350 адамға шақталған спорт кешені Жаңатас қаласында салынған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың тамызында басталыпты. Бас мердігер — «РемЭнерго» ЖШС. Спорт кешенінің төрт залы бар. Онда шағын футбол, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі және басқа спорт түрлері бойынша жаттығуға болады. Мұнда 49 қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы орташа есеппен 40 мың теңгеден асады. Сонымен бірге, облыс әкімі Жаңатас тұрғындарына пәтер кілттерін тапсырды. Қайта жаңартылған бес қабатты үйд…

0
0
420

Аударыспақтан Азия чемпионатын да өткізуге болады — Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Астанада аударыспақтан Азия чемпионатын да өткізуге болады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан осылай айтты. «Енді, қазір «Самұрық-Қазына» қоры үлкен бәйгелер тіккеннен кейін біз қазақ күресіне деген қызығушылықтың артқанын байқап жатырмыз. Мына бір қызықты қараңыз, биылғы оқу жылының басында елдің бәрі өз балаларын қазақ күресіне жазды. Қазақ күресіне бапкер жетпей қалды. Оның барлығы насихаттың арқасында жүзеге асып отыр. Сол сияқты аударыспақтан да арнайы бәсекелерді өткізуге болады. Оған көп шығындалудың қажеті жоқ. «Самұрық-Қазына» жүлдеге қомақты бір қаржы қойып жіберсе, аударыспақты да қазақ күресі сияқты алып кетуге мүмкіндік бар. Оны Астанадағы цирк ғимаратында өткізуге болады. Кел…

0
0
735

Еуропа лигасы: «Шахтер» соңғы мүмкіндікті жіберіп алды

«Шахтер» командасы

Футболдан «Шахтер» командасы Астанада гректің ПАОК клубын қабылдап, 0:2 есебімен ұтылды.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда грекиялық команда ойыншысы Лукастың сол жақтан асыра тепкен добын Мокин тоса алмады. Ал ойын соңында Кициу есепті еселеді.

«Шахтер» (Қазақстан) — ПАОК (Салоники, Грекия) 0:2 (0:0)

Гол: Лукас 54 (0:1). Кициу 90 (0:2)

«Шахтер» соңғы ойынын 12 желтоқсанда сырт алаңда «Маккабимен» өткізеді. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан қарағандылық команда топтан шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлады alaman.kz.

0
0
356

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштері тәрбие құрылымдарының офицерлері жылды қорытындылады

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша қорытынды оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынға әскер түрлері бас қолбасшыларының, тектері қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің, әскери-оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің және Қазақстан Қарулы Күштері әскери полиция жасақтары бастықтарының орынбасарлары қатысты. Тәуелсіздік жылдары Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының сарабдал саясатының арқасында елімізде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты жағдайлары жасалды. Тұңғыш президент күніне орайластырылған ҚР ҚК әскери тәрбиеші-идеологтарының жиынына ғалымдар, саясат және тарих ғылымдарының докторлары, жетекші ғылыми қызметкерлер, «Әскери-ғылыми…

0
0
464

«Қазақтелеком» Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады

«Қазақтелеком» 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «заңды тұлғалар» және «жеке кәсіпкерлер» пайдаланушылар санаты үшін unlimited тарифтік жоспарлары бойынша Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады. Бірақ абоненттік төлем өзгермейді. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін Интернетке қатынау қызметінің сипаттарын жақсарту бойынша іс-шаралар аясында, «Трафикті есепке алмай» (unlimited)» тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің өткізу қабілеттілігі екі есеге артты, оның ішінде қызметтерді пакеттік ұсыну аясында, ай сайынғы төлем деңгейі өзгертусіз қалды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін пакеттік ұсыну аясында MegalineTurboPlus және MegalineTurboLight тарифтік жоспарларына ай сайынғы т…

0
0
553

Бокс: Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті

Атыраудың «Жайық» спорт кешенінде қарашаның 22-сі күні басталған бокстан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетіп, ел чемпиондары анықталды, деп хабарлады alasharena.kz. Жалпыкомандалық бейресми есепте 3 алтынды қоржынға салған Ақмола облысының командасы көш бастаса, 2 алтын, 3 күміс, 3 қоласы бар Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары екінші орынды иемденді. Ал үздік үштікте Жамбыл облысы. Олардың еншісінде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола бар. Бұлардан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының қоржынына да бір-бір алтыннан түсті. Сонымен қатар, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік боксшы мен үздік төреші де анықталды. 52 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, финалда астаналық Ілияс Сүлейменовті сүріндірген шығыстық Әділет Құрметов үздік боксшы…

0
0
657

«Барыс» өз жерінде «Арыстаннан» жеңілді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Лев» (Чехия, Прага) командасынан ұтылды. Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Алайда алғашқы кезеңнің соңына дейін «Барыстың» хоккейшілері таразы басын теңестіре білді. Екінші кезеңде «Лев» тағы да бір шайбамен алға шықты. «Барыс» оған да жауап беріп, үшінші кезеңде есепті тең қылды. Алайда контршабуылдың арқасында чехтар бір минуттың ішінде өз басымдығын ұлғайтты. Есеп — 2:3. Өкінішке қарай, Астана қаласының хоккей клубы оны өзгерте алмады. Ойынды қосымша уақытқа ұластыруға тамаша мүмкіндіктер болды. Матчтың соңында «Барыс» қақпашыны алып тастап, алтыншы ойыншыны да шығарды. Бірақ «Лев»-тың қорғанысын бұза алмады. Айта кетейік, Прага хокей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы ойынға дейін…

0
0
231

Қазақстандық әскер – ТМД-ның үздік үштігінің қатарында

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында әскери мүмкіндік пен қорғаныс қабілетті арттыру керектігі және қорғаныс мақсаттағы механизмдерге қатысу керектігі айтылды. Аталмыш міндеттемені орындау қарулы күштердің кешенді шараларын қолға алуды талап етеді. Соның ішінде Қарулы Күштердің кадрлық саясатын барынша жақын арада және ұзақ мерзімді жетілдіруге деген қажеттілік те жоқ емес. Бүгінде Қарулы Күштердің дамуы әскери дайындықтың қарқынды өсуімен өлшенеді. Атап айтар болсақ, дайындық шаралар санының өсуі, әскердің жоспарлы түрде қару жаңартуы. Қазіргі таңда еліміздің қарулы күштері шет елдерде болатын түрлі оқу-жаттығу шараларында шеберліктерін шыңдап, өзге елдердің қатарында алдыңғы лектен көрінеді. Қазақстан әскерінің заманау…

0
0
438

Қаракерей ме, әлде, қарақытай ма?

Ғаламтордың әртүрлі беттерінен қазақ руларының түпкі аталарына ревизия жасау тағы да көріне бастады. Көшпелі Азияға шекесінен қарайтын батыс пен кей тұсы күмәнді қытай деректеріне, өз арамыздағы тарихтан гөрі әдебиетке етене кейбір бауырларымыздың айтқандарына сілтеме жасайды көпшілігі. Ұлттық деңгейге шығуға өресі жетпей, рулық деңгейде малтығып жатқан коментшілерге азық табылды. Қазақтың арғын, найман, керей, жалайыр, уақ, қыпшақ, маңғыт, сіргелі, шапырашты сияқты іргелі руларын бір бейшара- «мыңғұл» деп, екінші байқұс- «қарақытай» деп тартысып жатыр. Әсіресе, арғын мен найманды жілік майына дейін шақпақшы. Бірақ, өрелері жетпей бұлғақтап жүр. «Арғын өздерін Қодан биден таратады. Осы атаудағы «о» әрпінің орнына «и» әрпін қойсаң қидан (қарақытай) деген сөз шықпай ма? Бұдан артық не дәлел…

2
0
2999