Мазмұнға өту

Жаңа

2013 жылғы 3 желтоқсанда Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының Қазақстанда «жасыл» өсімді ілгерілету және Астаналық бастаманы іске асыру мақсатында аймақаралық ынтымақтастықты күшейтуді

0
0
281

Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылуы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен үстіміздегі жылдың 27 қарашасында «Алатау» спорт кешенінің әмбебап залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті полицейдің арнайы кедергілер жолағын жеңу бойынша республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Аталмыш спорттық-көпшілік шарасын осындай қарқында бірінші рет өткізіліп отырғандығын атап өткен жөн. Аталмыш жарысқа дайындық жүргізу аясында ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында арнайы бөгет жолақшасына қосылған жаттығулар түрлерімен танысу үшін ҚАЖ (Қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкерлерінен құралған төрешілер мен жаттықтырушылар семинары өткізілді. Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Ішкі істер министрінің орынбасар…

0
0
1399

Талғат Мұсабаев ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының Құрметті профессоры атанды

Бүгін Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының «Құрметті профессоры» академиялық атағы берілді.

Ақтөбе облысының Достық үйінде Талғат Мұсабаев Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының профессорлық-оқытушылық, ұшу-нұсқаушылық, инженерлік-техникалық және курсанттар құрамы алдында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқынаЖолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Қазақстанның ғарыш саласының дамуы» туралы баяндама жасады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
449

2013 жылдың 29 қарашасында Астанада және Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының Климаттың өзгеру мәселелері бойынша бірлескен жобасының аяқталуы және үшінші Ұлттық хабарламаны ұсынуға арналған с

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-38/ Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы 70 жыл ішінде Қазақстан аумағында жер үсті ауасының орташа жылдық температурасының тұрақты көтерілуі байқалып отыр. Экономиканың көптеген секторларында климаттың өзгеру салдары айқын көрініс алды. Ауыл шаруашылығы суармалы және ауыз су тапшылығын сезінуде. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан (боран, су тасқыны, сел, су көшкіні және т.б.) Қазақстан экономикасы 2002-2011 жылдар аралығында 69 млн. АҚШ долларына тең шығын көтерді. Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздыққа шалдыққан. Қазақстандағы парниктік газдарының шығарылу көлемі адам басына шаққанда Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалуда. Климаттың әрі қарай жылуы қайтарымсыз нәтижелерге ал…

0
0
508

Қырғызстан Республикасында тіркеліп, Қазақстан Республикасында пайдаланып жүрген автокөліктер жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының падалануы үшін Қырғызстан Республикасында тіркелген автокөліктердің бақылаусыз кіруіне байланысты жағдайы ушығып кетті. Кеден комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағына Қырғызстан жерінен 200 мыңға жуық автокөліктер кіріп, олардың тек бір мыңы ғана кедендік рәсімдеуден өткен. Ағымдағы жылдың өзінде қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің салдарынан 49 адам көз жұмып, 271-і жарақат алды, 21 мыңнан астам жол қозғалысы ережесі (ЖҚЕ) бұзылып, олар бойынша жалпы сомасы 100 миллион теңгеге жуық 11,5 мың айыппұл салынып, оның тек 25% ғана өндіріліп алынды. Автоматтандырылған белгілеу жүйесінің көмегімен қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің 185 млн. теңге сомасын құрайтын 14 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу фактілері анықталды. Алайда, мұндай жағд…

0
0
321

БАҚқа ақпарат

Апта ішінде 7 231 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 281 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 694, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 24 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 89 қылмыскер ұсталып, 10 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 50 қылмыс анықталды, оның ішінде 23 сату фактісі. 40 келіден астам есірткі заты, оның ішінде жарты келіге жуық героин заты тәркіленіп алынды

0
0
182

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы Азия чемпионы атанды

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Павлодар қаласында өткен Азияның ашық чемпионатынан олжалы оралды. Аталмыш жарысқа тоғыз мемлекеттен 110-нан астам спортшы қатысты. Соның ішінде БҚО-дан барған екеудің бірі, Оралдағы №19 орта мектептің 7-сынып оқушысы Әсет Қайыржанов жасөспірімдер арасында алтыннан алқа тағынса, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті Ақгүл Нұрғалиева жастардан қола жүлдені иеленді. Әсет — қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы тоғызқұмалақ үйірмесінің мүшесі. Бұдан бұрын да екеуі осы жылдың басында тоғызқұмалақтан Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы жекелей және жекелей-блиц бойынша республикалық чемпионаттан табысты оралған болатын. Тоғызқұмалақ бойынша облыс бапкері Қанапия Қаяпбергеновтің айтуынша, жары…

0
0
556

«Astana Arlans» — «Mexico Guerreros»: шаршы алаңға шығатын жұптар анықталды

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымындағы үшінші матчта қазақстандық «Астана Арланс» клубы мексикалық «Mexico Guerreros» командасымен бақ таластырады, деп хабарлайдыVesti.kz. Қазақстандықтар құрамында шаршы алаңға Мардан Берікбаев (49 келі), Мейірболат Тоитов (56 келі), Жәнібек Әжібай (64 келі), Сергей Деревянченко (75 келі), Василий Левит (91 келі) шығады. Мексика клубы келесі құрамды ұсынды: Хосе Альберто Залета Рейес, Серхио Чирино Санчес, Кристиан Биелма, Диего де Хесус Морено Амадор және Кристиан Демай. Сонымен, шаршы алаң төрінде атой салатын жұптар құрамы: 49 келі. Мардан Берікбаев — Хосе Альберто Залета Рейес 56 келі. Мейірболат Тоитов — Серхио Чирино Санчес 64 келі. Жәнібек Әжібай — Кристиан Биелма 75 келі. Сергей Деревянченко — Диего де Хесус Морено Амадор 91 келі. Ва…

0
0
366

Қанат Ислам шаршы алаңға шығады

Қанат Ислам

Қазақ боксшысы Қанат Ислам 29 қараша күні өзінің кезекті кездесуін өткізеді.

Даңқты спортшы Эквадорда колумбиялық Эмелио Хулиомен рингке шығады. Хулио кәсіпқой бокста 41 кездесу өткізіп, 28 жекпе жекте жеңіп, 11 рет ұтылған. Ал 8 кездесуде тең түскен.

Қанат Ислам он төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қанат бұл кездесуден кейін 14 желтоқсанда тағы да шаршы алаңға шығады. Ол кездегі қарсыласы әзірге белгісіз, деп хабарлады alaman.kz.

0
0
641

«Сарыарқа» үздік командалардың бірін жеңді

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасын ұтты. Бұл матчта «Рубиннің» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Содан бастап өз шабуылдарын үдетіп, есеп айырмасын барынша ұлғайтуға тырысты. Алайда «Сарыарқаның» тасқамал қорғанысын бұза алмады. Ойынның бірінші және екінші кезеңінде есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңнің соңғы секундттарында Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осы орайда бас бапкердің ойын тактикасын ерекше атап өткен жөн. Команда сапындағы бір ойыншының ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанғанына қарамастан, ол қақпашыны алып тастап, тағы бір хоккейшіні шағырды. Сөйтіп, «Сарыарқаның» қақпасы бос қалса да, хоккейшілер барын салып, есепті теңестіре білді. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал б…

0
0
344