Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлайды «Р-Спорт».

Ковалев және Силлах арасындағы күрес Канаданың Квебеке қаласында өтті. Ковалев  жекпе-жекті екінші раундта жеңіспен аяқтады. Бірінші раундта  Силлахты есеңгіретсе,  екінші раундта украин боксшысын сұлатып салды.

Силлахпен жекпе-жек Ковалев үшін кәсіби бокстағы 24-ші кездесуі еді.  Ресейлік бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Ковалев 2013 жылғы тамызда британ боксшысы Натан Клеверлиді ойсырата ұтып, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

 
0
0
225

Осы тақырып бойынша

БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды - Yvision.kz