Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Татьяна Осипова Трентинода өткен Универсиадада 10 шақырымға шаңғымен сырғанау бойынша жеңіске жетті

Қазақстандық Татьяна Осипова

Трентинода (Италия) XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиаданың шаңғы жарысы бойынша турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әйелдер арасындағы 10 шақырымға шаңғымен сырғанауда қазақстандық Татьяна Осипова жеңіске жетті, екінші орынды украиналық Катерина Григоренко, үшінші орынды фин спортшысы Марьяна Питкенен иеленді.

Қазақстанның басқа өкілдері арасынан, сәйкесінше, 4-ші және 5-орындарда мәреге жеткен Марина Матросова және Виктория Ланчакова жеңіс тұғырына бәрінен жақын болды. Анна Шевченко 19, Ольга Мандрика — 25, Наталья Соковнина — 41 болды.

XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиада. Трентино (Италия),
Шаңғы жарысы. Әйелдер. Шаңғымен сырғанау. 10 шақырым.
1. Татьяна Осипова (Қазақстан) — 29:34.7
2. Катерина Григоренко (Украина) — +1.0
3. Марьяна Питкенен (Финляндия) — + 1.4
4. Марина Матросова (Қазақстан) — +3.0
5. Виктория Ланчакова (Қазақстан) — +4.0
19. Анна Шевченко (Қазақстан) — +54.1
25. Ольга Мандрика (Қазақстан) — +1:08.4
41. Наталья Соковнина (Қазақстан) — +2:21.4.

 
0
0
356

Осы тақырып бойынша

Татьяна Осипова Трентинода өткен Универсиадада 10 шақырымға шаңғымен сырғанау бойынша жеңіске жетті - Yvision.kz