ІІМ мен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңеңсінің бірінші отырысы туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ү.ж. қараша айында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қоғамдастығы басшыларының қатысуымен өткен VI Азаматтық Форумда берген тапсырмасына орай Ішкі істер министрлігінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесі құрылған болатын.
Ү.ж. 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаевтың, министрліктің комитет, департамент басшылары мен жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық Кеңесінің бірінші отырысы болып өтті.
ІІМ арнайы шақыруымен Кеңес жұмысына «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов қатысты.
Кеңес төрағасы Е. Тургумбаев ішкі істер органдары тарапынан халықаралық және басқа да үкіметтіе емес ұйымдарымен бірлесе отырып қомақты істер атқарылғандығын атап өтті. Сонымен қатар ҮЕҰ бірлескен кейбір жобалар бойынша кемшіліктер де бар екендігіне тоқтала кетті.
Отырыс барысында қызмет бөліністерінің ҮЕҰ бірлесіп атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды, сондай-ақ Н. Ерімбетовтың аталған саладағы жұмысты жандандыру бойынша жұмысты тиімді ету ұшін арнайы ұсыныстары назарға алынды.
Кеңестің бірінші отырысының қорытындысы бойынша ішкі істер органдары қызметінің барлық салаларында ҮЕҰ-мен жұмысты белсеңдету және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен жұмыс мәселесін қарастыруда шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі
