«Қазақстан дауысы» тікелей эфирде!
«Қазақстан дауысы» жобасының нағыз тартысты, тартымды сәттері басталды! Байқау енді тікелей эфирде өтеді.
Бұдан былай көрермендер жобада қалған 32 үміткердің ішінен өзі ұнатқан әншіге SMS арқылы дауыс бере алады.
Бүгін әр тәлімгердің тобынан 4 әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. Әр топтан екі үміткер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олардың бірі көрермен дауысының қорытындысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таңдайды. Осылайша әр топтан екі өнерпаз жобамен қош айтысады.
Тікелей эфирдің алғашқы күнінде Алмас Кішкенбаевтың тобынан өнер көрсететіндер: Ару Әуезова, Азамат Мәдуәлиев, Бердібек Құлғараев, Әлібек Сұрабалдинов.
Мәдина Сәдуақасованың тобынан Айнара Айтқалиева, Гүлсім Макитова, Әділ Ахметжанов, Толғанай Пазылақын бағын сынамақ.
Медеу Арынбаев тобынан Санда, Жанғали Әбішев, Жанна Верещак, Айнұр Арашапова сахнаға шықпақ.
Нұрлан Албанның тобынан Гүлжиян Оспанова, Күлайым Қайырбаева, Шахаризат Сейдахмет, Салтанат Меңдіғалиевалардың өнерін тамашалай аласыздар.
Тікелей эфирдің алғашқы күнінде 16 өнерпаздың 8-і ғана келесі кезеңге жолдама алады. Көрермендердің дауысын аз жинаған өнерпаз жобадан шығады.
Дауыс беруге Қазақстандағы ұялы байланыс және тіркелген байланыс операторын («Казақтелеком»ААҚ) пайдаланатын кез келген адам қатыса алады.
| № | Қатысушы | Дауыс беру үшін қатысушының нөмірі | Дауыс беретін телефон | СМС үшін нөмір |
| 1 | Ару Әуезова | 1 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 2 | Азамат Мәдуалиев | 2 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 3 | Бердібек Құлғараев | 3 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 4 | Әлібек Сұрабалдинов | 4 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 5 | Айнара Айтқалиева | 5 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 6 | Гүлсім Макитова | 6 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 7 | Әділ Ахметжанов | 7 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 8 | Толғанай Пазылақын | 8 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 9 | Санда | 9 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 10 | Жанғали Әбішев | 10 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 11 | Жанна Верещак | 11 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 12 | Айнұр Арашапова | 12 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 13 | Гүлжиян Оспанова | 13 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 14 | Күлаим Қайырбаева | 14 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 15 | Шахаризат Сейдахмет | 15 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
| 16 | Салтанат Меңдіғалиева | 16 | 8 80 90 80 30 75 | 3075 |
Жобаны бүгін, сағат 21.35-те Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.
