Қарағанды полицейлері Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды.
| Қарағанды полицейлері Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды. «BNews.kz», 18.12.2013ж. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өткізіліп, онда 102 полиция қызметкері марапатталды. Ішкі істер органдары ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Еліміздің егемендік алған кезінен бастап қарағандылық полицейлер азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін күрестің алғы шебінде болды. Бізге жүктелген міндеттің орындалуы қоғамның дамуына қатысты, ол Қазақстанның қалыптасуы мен экономикалық қуатын арттырып, тәуелсіздікті тұғырландыра түседі»,- деді Қарағанды облыстық ІІД басшысы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров салтанатты шара кезінде. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ішкі істер органдарының қызметкерлері қажыр-қайратын тіпті өзін де аямай мінсіз қызметпен отандастарымыздың тыныштығын күзетуде. Олардың ішінде қарағандылық полицейлер де бар», - дейді ол. |
