Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Барыстың» хоккейшілері ҚХЛ жұлдыздарының кездесуінде көзге түсті

ҚХЛ жұлдыздарының кездесуінде

Братиславада «ҚХЛ-дың барлық жұлдыздарының» матчында «Батыс» командасы 18:16 есебімен «Шығыс» құрамасынан басым түсті.

«Шығыс» командасы сапында елордалық «Барыстың» екі бірдей ойыншысы өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Олар — шабуылшылар Брэндон Боченски мен Талғат Жайлауов. Екеуі де мергендіктерімен көзге түсті. Жайлауов ойынның басында шайба енгізген болса, Боченски екінші және үшінші кезеңдерде қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Бұл командалардың капитандары Илья Ковальчук («Батыс») және Сергей Мозякин («Шығыс») болды.

   
0
0
270

Осы тақырып бойынша