Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа жыл қазақстандық спортшының жеңісімен басталды

Элизабет Тұрсынбаева ортада

Еліміз үшін жаңа жыл жеңіспен басталды. Словакияның Братислава қаласында 3-6 қаңтар аралығында мәнерлеп сырғанаудан «Словакияның Жаңа жылдық Кубогы» атты халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 15 елдің мәнерлеп сырғанаушылары қатысып, жерлесіміз жеңіспен оралды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды көздеп отыр.

0
0
331

Көкшетауда зейнеткерлер арасында хоккейден облыстық турнир өтуде

Көкшетауда зейнеткерлер арасында хоккейден облыстық турнир өтуде
Көкшетауда зейнеткерлер арасында шайбалы хоккейден облыстық жарыс өтуде.

Турнирге 200-ден астам зейнеткер қатысуда.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін мәреге жететін сайысқа Щучъе қаласы мен облыс орталығына жақын орналасқан елді мекеннен келген қариялар қатысуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқараны спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған шараның бастамашысы — облыстық спорт басқармасы. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
315

Волейбол: бүгін ҚР чемпионаты екінші турының ойындары басталады

Бүгін Петропавл және Тараз қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты екінші турының ойындары басталады. 8-10 қаңтар аралығында Петропавлда жергілікті «Есіл», Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы», «Атырау», Хромтаудың «ТНК Казхром» командалары күш сынасса, Таразда ел чемпионы «Алматы», «Павлодар», «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Тараз» алаңға шығады. Бұдан кейін сегіз команда қосылып, екінші турдың ойындарын 26-31 қаңтарда Павлодар қаласында жалғастырады. Бірінші турдан кейін 18 ұпай жинап, әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсат-Жайықмұнай» көш басында. «ШығысҚорғасынҚұрылыс» 14 ұпаймен екінші, қоржынында 13 ұпайдан бар алматылықтар мен хромтаулықтар үшінші-төртінші орында келеді. ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ав…

0
0
499

«Барыс» Қазанда «Ақ Барс» командасын жерге қаратты

«Барыс» Қазанда «Ақ Барс» командасын жерге қаратты

Хоккейден «Барыс» ҚХЛ аясындағы кезекті матчын Қазанда «Ақ Барс» командасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті,

деп хабарлады «Аламан».

Өте тартысты өткен кездесуде «Барыс» қақпашысы Ахонен өзіне келген талай шабуылдың бетін қайтарды. Осы жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде «Динамо М» командасынан кейінгі екінші орынға шықты.

«Ақ Барс» — «Барыс» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

Шайба:

0:1 — 02:53 Рахманов (Полищук).

1:1 — 12:31 Стэплтон (Панин).

1:2 — 29:34 Антропов (Руденко, Хэмилл).

0
0
454

Жылдың ең үздік спортшысы — Павлодар пединститутының студенті

Ернұр Қабатаев

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті Ернұр Қабатаев жылдың үздік спортшысы атанды. Ол еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Павлодар облысы бойынша дене шынықтыру және спорт спорт басқармасында барлық спорт түрлері бойынша өткен жылдың қорытындысы шығарылды.
«Үздік бапкер» аталымына ПМПИ спорт түрлері және дене шынықтыру кафедрасының профессоры Жанат Усин ие болды.
Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін педагогикалық институттың профессоры Виктор Бородихин марапатталды.

0
0
556

Алматы облысында полицейлер 40 жолаушысымен жолда қалған автобусты қар құрсауынан шығарды.

 «ҚазАқпарат», 08.01.2013ж.
«Мерседес» маркалы қалааралық автобусы «Алматы-Өскемен» тас жолының 606-шақырымында жылыту жүйесінің бұзылуынан қар құрсауында қалды.   

Жол полициясының бақылау бекетіне автобус жайлы ақпарат түнгі үштен кейін, боран басталған соң түскен.

Қырық градустық аязда қалған жолаушыларды жол полициясының үш экипажы шығарып алды.

Жолаушылар Үшарал қаласындағы полиция бекетінің жанындағы дәмханада жылынды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін, жолаушылардың көбі жол-жөнекей көліктерге отырғызылды.

Автобус жүргізушісімен бірге Үшарал қаласына жеткізілді.

0
0
289

Әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Аягөз гарнизонында күрделі жөндеуден өткізілген 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сондай-ақ Талдықорған гарнизонында әскери қызметшілерге жаңа 16 пәтердің кілті табыс етілді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жаңа пәтерлерге қоныстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тікелей сезінуде. Шалғай гарнизондарда қызмет атқаратын әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып келе жатқан жұмыс олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. 2013 жыл ішінде пәтерлер мен жатақханалардың кілттеріне республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері ие болды. Өткен жыл басынан бері жалпы ауданы 27189 шаршы метр болатын 535 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 113 пәтер…

0
0
233

Аязға қалған жолаушыларға полицейлер көмекке келді

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, СҚО ІІД басшылығы жол-патрульдік полициясына қала сыртындағы жолдарды бақылауды тапсырған еді. Нәтижесінде, өткен жексенбіде әмбебап полицейлердің ТЖД қызметкерлерімен бірлескен жұмыстары арқасында, Ақ қайың ауданының «Астана-Петропавл» тас жолында аяз салдарынан істен шыққан, қала аралық автобус жүргізушілері құтқарылды. «Петропавл-Қарағанды» бағытындағы жолаушылар көлігі Рублевка селосы маңында, республикалық трассаның 414 шақырымында 5 қаңтарда кешкі уақыттарда істен шыққан болатын. 45 жолаушының арасында кәмелеттік жасқа толмағандар және екі автобус жүргізушісі болды. Жүргізушілердің айтуынша, ажырату механизмі ақау танытқан сыңайлы. Сондықтан жолаушыларды құтқару үшін Петропавлдан екінші автобус дереу шақырылды. Істен шыққан автобус б…

0
0
731

Байланыста «Жедел басқару орталығы»

Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыстық полицейлер күшейтілген режімде жұмыс атқарды. ІІД жедел басқару Орталығы қызметкерлерінің үйлестіруімен, қоғамдық тәртіпті күзетуге күн сайын 600-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Соңғы жылдары жедел басқару орталығы полицейлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жолындағы көмегі орасан зор. Өткен жылдың өзінде, Орталықтың бейне камералары арқылы 9900 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 6300-ден астамы жол жүру ережесін бұзушылық. «Әдетте жаңа жылдық мерекелер кезінде құқықбұзушылықтардың орын алу қаупі басым болатындықтан, орталық қызметкерлері күшейтілген режімде қызмет етті. Дегенмен, 2014 жылдың жаңа жылдық түнінде облыс аумағында жағдай қалыпты болды»-деп, хабарлады Петропавл қ. ІІБ жедел басқару орталығының ба…

0
0
1723

2014 жылғы 16−17 қаңтарда «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен (бұдан әрі − ҚР ҚОСРМ) бірлесіп, «АSTANA SOLAR» ЖШС қолдауымен «Жасыл» экономика: энергия тиімділігі мен...

0
0
261