Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді.

Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
229

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр - Yvision.kz