Мазмұнға өту

Жаңа

УЕФА-ның жыл командасына Месси кірмей қалды

УЕФА сайты 2013 жылдың қорытындысын жариялады. Символдық құрама сайт оқырмандарының таңдауы бойынша жасалған. УЕФА-ның жыл командасына «Баварияның» төрт, «Реалдың» үш ойыншысы кірді. Роналду сегізінші рет символдық құрамадан табылды. Бұл рекорд. Өкініштісі, Месси биылғы тізімде жоқ. Мессиден бөлек, УЕФА жыл командасына «Барселона» ойыншыларының бірде бірі енбеген, деп жазады alaman.kz. Дауыс беруге 6.2 миллион адам қатысқан. Қақпашы: Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»); Қорғаушылар: Давид Алаба (Австрия, «Бавария»), Филипп Лам (Германия, «Бавария»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиаго Силва (Бразилия, «Пари Сен-Жермен»); Жартылай қорғаушылар: Гарет Бейл (Уэльс, «Реал»), Франк Рибери (Франция, «Бавария»), Марко Ройс (Германия, «Боруссия» Дортмунд), Месут Озил (Германия, «Арсенал»); Шабуы…

0
0
293

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді

Бұл күнді Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынынөткізіп жатқан футболдан Қазақстан жастар құрамасы Украинаның»Говерла» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан жастар құрамасы – «Говерла» (Украина) 4:2 (1:2) Голдар: Фильчаков (2), Исламхан, Лунин – Трухин (2) Қазақстан (U-21): Павлов, Шмидт, Рудосельский, Пасичник, Сартаков, Сыдықбек, Узденов, Ли, Исламхан, Жаңғылышбай, Фильчаков. Екінші таймда алаңға мына футболшылар шықты: Грек, Құнов, Аслан, Хайруллин, Аллаяров, Таласбаев, Дәулетханов, Оқасов, Лунин. 14.01.2014, ж. Сиде (Түркия), «Көк су» стадионы Литвалық маман Саулюс Ширмялис баптайтын Қазақстан жастар құрамасықаңтардың 24-і мен ақпанның 2-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербургқаласында өтетін «Достастық кубогы — 2014″ турниріне қатыспақ.…

0
0
376

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: «Baku fires» командасын 3:2 есебімен жеңеміз»

«Астана арландары» Әзірбайжанда «Баку оттарын» 3:2 есебімен жеңеміз деп отыр. Команданың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков 18 қаңтар күні Губада өтетін кездесуде бес жігіттің үшеуі жеңіске жетуі тиіс дейді. — Әзірбайжанға команда 17 қаңтар күні ұшады. Мықты құрам бара жатыр. Самат Бәшенов пен Руслан Мырсатаев осы жобада әбден ысылған жігіттер. Эхсан Роузбахани де қазір бабына келді. Мейірім Нұрсұлтанов жас та болса, көзі от шашып тұрған жігіт. Қалай жұдырықтасатынын Ресей құрамасымен болған айқаста көрдіңіздер. Ал Ілияс Сүлейменов командаға енді ғана қосылғаныменәуесқой бокста тәжірибесі зор. Осы боксшылар намысты қолдан бермес деп ойлаймын. Дегенмен, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді ғой. Әзірбайжандықтар өз жерінде жеңіске жету үшін бәрін жасауы мүмкін. Тіпті, төрешілерді де өздерінеқаратып…

0
0
559

“Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды...

Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша оқу-әдістемелік құралдардың Республикалық сырттай байқауының өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасы орта білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің мұғалімдері және қызметкерлері шақырылады. Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша оқу-әдістемел…

0
0
2145

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды.Қазақстан Қарулы Күштерінің курсанттары мен офицерлері еліміздегі діни жағдайды және терроризмге қарсы тұру шаралары жөнінде лекция тыңдады.

Сабақты Алматы қаласы Діни істер жөніндегі департаментінің өкілдері ұйымдастырды.

Сабақ барысында  әскери қызметшілер діни экстремизм мәселелерінің түйінін ашатын деректі фидьмдер көрді, сондай-ақ өздерін толғандыратын сұрақтарға  толыққанды жауаптар ала алды.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда діни экстремизм мен радикальді ұйымдар  қазіргі коғамда өзекті  мәселелердің бірі. Экстремистік ұйымдардың қызметі негізінен діни тұрғыда адамдарды жауластыру, қарсы қою болып табылады,-деп атап өтті  шараны ұйымдастырушылар.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
384

Қара домбыраны қасиет тұтқан жан

Айқын, 13.01.2014 Дәстүрлі әнші, термеші, домбыра жасау шебері, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың дипломанты Әбдікәрім Мәметұлы Зұлынов – қазақ өнерінің дамуына қолынан келген үлесін қосып жүрген зиялы азамат. Өнерге бай Семей өлкесінде туып-өскен Әбдікәрімнің әкесі совхоздың бас шопаны болып еңбек еткен. Өнерлі өлкеде туып, оның үстіне қойшының баласы болған соң, кең далада әрі оңашада жүріп ән салмау, әнге құштар болмау мүмкін емес. Әкесіне көмекші шопан болып жүретін Балтабай, Болат деген азаматтардың домбыра шерткеніне, ән айт­қан­дарына қарап, өзі де бала күнінен ән жат­тап, оңашада неше түрлі күй төгілткен. Қазақ радиосына құлағын төсеп, биік өнерге құлаш сермеген. Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Ғарифолла Құр­манғали…

0
0
1303

Өлмес өнер тудырған

Айқын, 14.01.2014 Осы өнеріміз бен өнер тарихымызда да тереңірек зерделеп, тұтас қарастырып, болашақ өнер мамандарын оқытып тәрбиелеу саласында қажырлы еңбек сіңірген біздің замандасымыз философия ғылымдарының докторы, профессор Болат Кесікқалиұлы Байжігітов болатын. Ол 1978-1996 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушылық қызметтен басталып, кейіннен 1996-1999 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2001-2006 жылдар аралығында фило­софия мамандығы бойынша док­торлық диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, төрағасы, төрағаның орынба­сары қызметтерін атқарды. Ал 2006 жы­лы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ректордың ғы­лыми жұмыстары бойынша проректоры қызметінде болды. Қысқа да, мәнді өмі­рінде оның алған атақтары мен дәр…

0
0
660

Австралия ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс тұңғыш рет екінші айналымға өтті

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі партияда (6:2, 6:4) ұтты.

Сөйтіп қазіргі кезде әлемдік рейтингте 163-орында тұрған Зарина қазақ қыздарынан алғаш рет әлемдегі «үлкен дулығаның» бірі — Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымына өтті. Онда ол румыниялық Сорана Кырстя немесе жаңазеландиялық Марина Эраковичтің біреуімен кездеседі. Олардың екеуі де — К.Синяковаға қарағанда, әлдеқайда тісқаққан теннисшілер, рейтинг бойынша да жоғарыда тұр.
Қазірдің өзінде осы табысымен-ақ З.Дияс өз рейтингісін көтеретіні анық.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
0
0
308

Брэндон Боченски ҚХЛ тарихындағы үздік мергендердің ондығына енді

Қазақстандық «Барыс» клубының шабуылшысы Брэндон Боченски ҚХЛ тарихындағы үздік мергендердің ондығына кіріп отыр. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты хабарлады. 198 ойында 96 гол салған Боченски снайперлік рейтингте 46,55 ұпаймен алтыншы орында тұр. Жалпы тізім мынадай: Сергей Мозякин 97,37 (188 — 363), Данис Зарипов 68,94 (154 — 344), Алексей Морозов 64,05 (151 — 356), Александр Радулов 50,95 (132 — 342), Марцел Хосса 47,11 (126 — 337), Брэндон Боченски 46,55 (96 — 198), Михаил Варнаков 43,51 (118 — 320), Александр Пережогин 41,9 (124 — 367), Патрик Торесен 40,33 (110 — 300), Павел Брендл 38,9 (73 — 137). Бүгінгі күні Боченски — «Барыс» командасында ең көп ұпай жинаған шабуылшы. Оның еншісінде гол+пас (23 шайба мен 27 пас) көрсеткіші бойынша 50 ұпай бар. АСТАНА. ҚазАқпарат…

0
0
309

Нурпаша Талыбов: «Баку оттары» «Арландардан» мықты»

Әзірбайжандық «Баку оттары» бокс клубының бас бапкері Нурипаша Талыбов өз жерімізде «Астана арландарын» жеңеміз деп желпініп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда «Баку оттары» өз жерінде Куба «Жуасытушыларын» қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді 18қаңтарда Губа қаласында «Астана арландарымен» кездеседі. — Кубалықтарға қарсы кездесуде алдымен екі жұдырықтасуда жеңіліпқалдық та, артынша есепті теңестіре алдық. Өкінішке қарай, ауыр салмақта Эрисланди Савонға шамамыз жетпей қалды, - деп azerisport.com сайтына сұхбат берген Нурпаша Талыбов «арландарды» жеңетіндіктеріне сенім білдірді. — Енді біздің келесі қарсыласымыз — «Астана арландары». Осыған орай, 18 қаңтарда Магомедрасул Меджидов шаршы алаңға шықса екен деп үміттеніп едім, бірақ ол әзірге дайын емес. Ал Арысланбек М…

0
0
302