Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінде ең үздік боксшылар анықталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері құрамалары мен әскери бөлімдері әскери қызметшілері арасында бокстан чемпионат өтті. Былғары қолғап шеберлерінің жарысы әскерлерде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Саламатты өмір салтының орнығуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттырады» деп атап өтті. Алтын жүлде үшін болған табанды тайталаста 32363 әскери бөлімінің спортшылары жеңіс тойын тойлады. Құрметті екінші орынды 18404 әскери бөлімінің былғары қолғап шеберлері иеленді. Ал 61993 әскери бөлімінің спортшы жігіттері үшінші орынды місе тұтты. 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Жандос Жанпейіс ең үзд…

0
0
337

Сезім

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сезім, сүю, әр адамға, бір арман,

Іздегенім, табылғандай, о жалған.

Қуаныш па, жүрегімді баураған?

Бақытсың ба, әлде маған табылған?

 

Өрттей болып, ыстық лебіз, лап етті,

Бір көрмесем, баса алмаймын бұл дертті.

Есте сақтап, қалайықшы, бұл сәтті,

Шыр көбелек айналдырып, әкетті.

 

Бұл сезім бе, махаббат па, әлде арман?

Армандаумен іздегенім, сендей жан.

Айларменен, күндер өтті, талай сан,

Бақыт болдың, маңдайыма жазылған.

0
1
336

«Астана арландары» ресейліктермен жекпе-жекке шығатын боксшыларын іріктеді

«Астана арландары» 1 ақпанда өтетін Бүкіләлемдік бокс сериясындағы кезекті турда ресейліктерге қарсы рингке шығатын боксшыларының тізімін жариялады. Ең алғаш болып шаршы алаңға шығатын 49 келідегі Азамат Исақұлов ресейлік Белик Галановпен жұдырықтасады. Азамат WSB нұсқасы бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Белик Галанов биылғы маусымдағы екінші жекпе-жегіне шығады. 56 келіге дейінгі салмақта Мейрболат Тоитовтың қарсыласы — Эдуард Абзалимов. Осы уақытқа дейін Мейрболат екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған. Ал Эдуард алғашқы кездесуін өткізбек. 64 келі салмақта «Арландар» намысын Асхат Уалиханов пен Григорий Лизуненко шаршы алаңға шығады. Асхат осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де басым түскен. Қазіргі уақытқа дейінгі нәтиже бойынша Асхат өз салмағының №1-ші боксшысы.…

0
0
309

«Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель отставкаға кетті

Сандро Россель

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат — Испанияның «Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель ресми түрде өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді.Мұндай шешімді Россель сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалжан кейін қабылдады. «Барселона» ФК президенті бразилиялық шабуылдаушы Неймардың трансфері кезінде шамамен 40 млн. еуро пара алды деп айыпталуда. Сәрсенбі күні Мадрид соты «Барселона» президентіне қатысты істі қарау шешімін қабылдады.
Испанияның БАҚ мәліметтері бойынша, шын мәнінде Неймар үшін 40 млн. еуро емес, 95 млн. Еуроға жуық төленген.
Каталон клубының президентінің міндетін уақытша вице-президент Хосе Мария Бартомеу атқарады.
0
0
392

2014-2016 жылдары Ішкі әскерлердің даму бағдарламасына 201,5 млрд. теңге бөлінеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов мәлім етті. «Жоспардың мақсаты - ҚР Ішкі істер министрлігі жүйесінде мобильді, кәсіби, дайындығы жоғары, заманауи әскери қарулармен, арнайы техникамен жарақталған, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тиімді шешетін және мемлекет қорғанысына әрдайым дайын тұратын әскери жасаққа ие болу. Міндеті - ішкі іскерлерге заңнамамен жүктелген міндеттерді орындау үшін олардың жауынгерлік деңгейін қамтамасыз ету.

Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F0BA8ED8D181130AE044002655122E6A

0
0
252

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»: әскери ұшқыштар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардарлар мен сарбаздар Елбасы Жолдауының негізгі идеялары мен мақсаттарын зерделеуде. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының негізгі бағдары болып табылады. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары Президенттің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын кеңінен талқылады. Жоғарғы Бас қолбасшының қамқорлығы арқасында Қазақстан әскері бүгінгі күні қазіргі заманғы әскери техникамен жарақтанған, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ және НАТО елдері қарулы күштерінің әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша, Қа…

0
0
615

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 23 қаңтар 2014 ж.)

Бүгін Бас прокуратурада аймақтық прокуратура органдары және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері тақырыбында бейнеконференция өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ksipkerlikti-damytu-mseleleri-turaly-baspasoz-akparaty-astana-k-23-kantar-2014-zh

0
0
361

Баспасөз ақпараты (Астана қ, 23 қаңтар 2014 ж.)

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес агенттігінің Таяу шығыс аймағы бойынша аймақтық басқармасының директоры Дональд Ч. кіші Барнспен кездесуі болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-astana-k-23-kantar-2014-zh

0
0
429

Қазақстанда USAID климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі бағдарламаның таныстырылымы болды

Климаттың өзгеруі проблемасы – жаһандық мәселе және оны шешу үшін кешенді шаралар қолдану керек.
Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі қазақстандық бағдарлама осындай шаралардың бірі деп айтуға болады.

Климаттың өзгеруі проблемасы – жаһандық мәселе және оны шешу үшін кешенді шаралар қолдану керек.
Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі қазақстандық бағдарлама осындай шаралардың бірі деп айтуға болады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/3126-229/

0
0
448