Былтыр бекіре балықтарын өндіру зауыттары табиғи ортаға 7 млн. бекіре шабақтарын жіберді
ҚазАқпарат- Балық ресурстарын қорғауға жұмсалған жеке капитал инвестициялары сегіз жылда 10,2 миллиард теңгеге жетті.Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
