Мазмұнға өту

Жаңа

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен кездесу

Akorda.kz Министр Мемлекет басшысына 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң аулау және орман шаруашылығы жөніндегі, сондай-ақ балық шаруашылығы комитеттерінің берілуінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы білікті кадрларды, атап айтқанда, су ресурстарын басқару және трансшекаралық өзендер мәселелері жөніндегі халықаралық келіссөздерді жүргізу саласындағы мамандарды даярлау жайына назар аударды. Akorda.kzМинистр Мемлекет басшысына 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң аулау және орман шаруашылығы жөніндегі, сон…

0
0
348

Сыр спортшылары екі алтын, екі қола иеленді

жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты

19-25 қаңтар аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстан қызылордалық былғары қолғап шеберлері екі алтын және екі қола жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.

60 келі салмақта бақ сынасқан қызылордалық Аханбек Нұртуған жеңістің жоғарғы тұғырынан табылды. Екінші алтынды 80 келі салмақтағы Оңталап Рахманов еншіледі. Чемпиондарды Берік Маманов және Рустам Ысқақов, Әбдіразақ Құлмағамбетов сынды бапкерлер дайындаған.

Бұл жеңімпаздардан бөлек, қызылордалық құрамнан тағы екі спортшы алға шықты. Олар — 50 келі салмақта күш сынасқан Рахымбек Шманов және 70 келі салмақтағы Азамат Сәкенов. Екеуі де үшінші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.
Жасөспірімдер чемпионатында Қызылорда облысының намысын жалпы 9 жас боксшы қорғады.

0
0
392

Теннис: Зарина Дияс рейтинг бойынша 40 сатыға жоғарылады

Зарина Дияс
Әйелдер теннисі қауымдастығының жаңартылған рейтингісінде Австралия ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, үшінші айналымға дейін жеткен Зарина Дияс 112-орынға көтерілді.

Ол бұған дейін 152-інші сатыда тұрған болатын. Осы бағытынан таймаса, Заринаға алғашқы жүздіктің қатарына енетін күн де алыс емес.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілерден Галина Воскобоева 77-орыннан 71-ге, Ярослава Шведова 82-ден 79-ға, Сесиль Каратанчева 140-тан 139-ынға орынға шықты. Керісінше Юлия Путинцева 112-орыннан 122-інші сатыға түсіп қалды.
Әлемдік рейтингте бұрынғыша американдық Серена Уильямс көш бастап келе жатса, белоруссиялық Виктория Азаренко екінші орында. Үшінші сатыға Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы На Ли жайғасты.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
269

Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы спортшыларының ресми тізімі жарияланды

Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы спортшыларының ресми тізімі шықты. Қазақстанның спорттық делегациясының құрамында 102 адам болады. Оның ішінде 50 спортшы, 31 бапкер мен сервисмен, 6 дәрігер, спорт түрлері бойынша командалардың қызметін үйлестіру штабынан 5 адам, 5 тілші, сонымен қатар 5 ресми тұлға бар. Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы спортшыларының ресми тізімі 2014 ж. Сочи № Аты-жөні Қызметі Аймақ Шаңғы жарысы 1 Полторанин Алексей Спортшы ШҚО 2 Чеботько Николай Спортшы Ақмола облысы 3 Ахмадиев Ердос Спортшы ШҚО 4 Величко Евгений Спортшы Ақмола облысы 5 Волотка Денис Спортшы Ақмола облысы 6 Рогозин Роман Спортшы ШҚО 7 Старостин Марк Спортшы Астана қаласы 8 Черепанов Сергей Спортшы ШҚО 9 Слонова Анастасия Спортшы ШҚО 10 Осипова Татьяна Спортшы Ақмола облысы…

0
0
603

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындары туралы

Астанада қазақстандық делегацияның шеф-де-миссоны — ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларының сыйақы мөлшері жайында айтып берді. Оның айтуынша, сыйақылардың көлемі 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бекітілген деңгеймен бюджет есебінен берілетін болады. «Бірінші орын үшін — 250 мың доллар, екінші орын үшін — 150 мың доллар, 75 мың — үшінші орынға беріледі. Осылай алтыншы орынға дейін бара береді (30, 15, 5). Осындай қаржыға спортшылардың бас бапкерлері де алатын болады. Жалпы Олимпиадада алтыншы орынға дейінгі орындар жүлделі деп саналады», — дейді Е.Қанағатов. Айта кетейік, Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды. Ел намысын қорғайтын спортшы…

0
0
699

Тосынсыйға толы «теннис мерекесі»

«Жасыл құрлық» аталып кеткен Австралияда теннис маусымының «үлкен дулыға» деңгейіндегі сайыстың алғашқысы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған Австралия ашық чемпионаты теннис жанкүйерлері күтпеген жаңалықтарға толы болды. Австралия чемпионаты — «Үлкен дулыға» деңгейіндегі 4 жарыстың бірі. Әрбір теннисшінің алға қойған мақсаты осындай деңгейдегі турнирдің біреуіне болса да қол жеткізу. Ал қазіргі әлем теннисшілерінен осы дәрежеге қол жеткізгендер саны санаулы ғана. Ендігі кезекте осы жылғы Австралия чемпионатын саралап өтсек. Қазақ теннисінің болашағы — Зарина Дияс Жарыс басталған кезде еліміздің атынан «үлкен дулыға» сайысына алғашқы рет 8 спортшы қатысатын болды. Оның жетеуі негізгі турнир кестесінде бәсекеге түсе алды. Спортшыларымыздың ішінен, Зарина Диястың ерлігін айтпасқа болмас.…

0
0
401

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда 2012-2013 жылдардағы Астана қаласы мен Ақмола облысын қоса алғандағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамық тәртіпті күзету және қылмыстың ашылуын арттыру бойынша уәкілетті органдардың қабылдап отырған шараларының тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kukyktyk-trtipti-zhne-kylmyska-karsy-kuresti-kamtamasyz-etu-zhonindeg-6

0
0
391

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыр

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Елбасы Жолдауындағы басты бағыттарды түсіндіре отырып, қоғамдағы барлық жаңарулар, сонымен бірге еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі бастамалары Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің дамуы жауынгерлік дайындықтың қарқынымен және өткізілетін оқу-жаттығулардың санының артуымен ерекшеленеді. Қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен өткен көптеген халықаралық оқу-жаттығуларда әскерлеріміз коалициялық күштер қатарында өзара іс-қимылды нығайтып, тәжірибелерін шыңдай түсуде. Жоғарғы Бас қолбасшының қа…

0
0
657

Допты хоккей: Иркутск қаласында әлем чемпионаты басталады

Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты басталады. Мықтылардың «А» тобында сынға түсетін Қазақстан ұлттық құрамасы бастапқы кездесуін әлем чемпионы — ресейліктермен өткізеді. Содан кейін 27 қаңтарда шведтермен, 29 қаңтарда финдермен айдынға шығады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Никишов болса, оған Марат Манғубаев, Алексей Золотарев сынды мамандар көмектесуде. Қазақстандықтар осыған дейін 2003 (Архангельск), 2005 (Қазан), 2012 (Алматы) және 2013 (Венерсборг) жылдары өткен әлем біріншіліктерінде фин құрамасымен айқаста төрт мәрте қола жүлдені жеңіп алды. Әсіресе, Алматыда өткен чемпионатта жартылай финалда қазақстандықтар шведтерден тек пенальти соғуда ғана ұтылып, финалға шығатын (онда кемінде күміс медальді иеленетін еді) мүмкіндікті жіберіп алды. Қазақстан құрамасын…

0
0
355

Павлодар облысында «ҚР тілдері туралы» заңының іске асуы

«ҚР тілдері туралы» заңының іске асуы Павлодар облысының «Жас Отан» жастар қанаты, Павлодар облыстық және қалалық филиалдарымен қоса, тілдердің даму Басқармасы және Жастар саясатының сұрақтары жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» заңын агитациалау және түсіндіру жұмыстарын Павлодар Облысының ірі сауда үйлерінде батады. Акция айдын соңына дейін болады. Бұл шараның басты мақсаты «ҚР тілдері туралы» заңын Павлодар аймағының әр тұрғынына дейін жеткізу, блантердің, мандайша жазулардың, баға көрсеткіштердің және басқада визуалды анықтамалардың дұрыс жазылуы болып табылады. Шара барысында 30 мың үндеулерді тарату жоспарланған. «Визуалды материалдардың стандарты бойынша жазылмаған немесе дұрыс орналаспаған анықтамаларды әркім кездестірді. Бұны тек бұл заңды білетін адам…

0
0
462