Мазмұнға өту

Жаңа

Варламға тиіспеңдер, өздеріңе ренжіңдер.

Варламға неге ренжіп жатыр барлығы түсінбеймін, Алматының жаман жақтары бар екені рас. Варламды ақшасын төлеп шақырды, ақшасын төлемесе келмес пе еді. Ренжігендердікі, ақшасын төлеп шақырған соң мақтау керек еді деген түсініктен туған ой. Варлам енді айтатын шығар: Әу, Алматылықтар ренжімеңдер, дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады деген бар. Шындығын айттым, көргенімді жаздым. Сендер жолға, тамаққа, қалта шығыныма, т.б ақша төлеп шақырдыңдар, рахмет, осы жұмсаған ақшаларыңа жаман жақтарын көрмей мақтауға да болушы еді, бірақ басынан ондай шарт қоймадыңдар ғой. Сендерге мақтаған ұнайтын болса, көп ақша төлеңдер. Ақысын берсеңдер, мақтаудың боқысын шығарам ғой деуші еді. Көбірек төлеу керек еді гонорарды немесе Варламды шақыру соншалықты маңызды ма еді. Ювижннің жыл қорытындысына құрметті қонақ болатын Қазақстан азаматтары да жеткілікті еді. Интернеттің дамуына өзімізге Рунетті үлгі етіп алған Ювижндегі Қазақстан азаматтарының ақылдарының жеткен жері сол болса қайтейік, кімге ренжиміз...

 
0
0
749

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясы шығармашылық ұжымымен кездесу

Фильмді түсірушілер Мемлекет басшысына кинолента еліміздің 25 қаласындағы 55 кинотеатрда көрсетілгені туралы хабарлады.

Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің қазіргі қызметтері жайында әңгімелеп, таяу келешекке арналған жоспарлары жөнінде ой бөлісті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыс үшін алғыс айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

0
0
601

Қалдықтар қайта өңделетін болады

Елімізде жыл сайын 500 мың тоннаға дейін қағаздар мен картондар, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмасса сияқты тұрмыстық қатты қалдықтар «қоқысқа» шығарылады екен. Енді бұдан былай мұндай ресурстарды екінші рет пайдалану мүмкіндігі туғалы тұр. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында айтылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-31/

0
0
363

Қалдықты қайтсек кәдеге жаратамыз

Қазақстанда «қалдық» туралы әңгіменің айтылғанына да біршама уақыт болып қалды. Айта-айта жауыр болған осы тақырып, кеше Үкіметотырысында тағы біршама сөз болды. Бұл жолы атқарушы билік. Қалдық мәселесіне қатысты «Алаш айнасы» сайты жақын күндері көлемді мақала дайындауды жоспарлап отыр.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-29/

0
0
302

Біздің абоненттеріміз HD форматындағы телеарналар пакеті жаңа қызметіне қол жеткізеді

2014 жылғы 1 ақпаннан бастап  біз «Алакаст»  ЖШС бірлесе Viasat Premium HD эксклюзивті көрсетілімдерімен жоғары (FullHD)  мүмкіндіктері бар  телеарналардың  жаңа пакетін іске қосамыз.

Біздің инновациялық бөлімше iD TV қызметтерінің  сервистерін дамыту  кезекті  кезеңі үшін HD- арналары пакеттері жаңа қызметін әзірледі. Қазіргі уақытта, iD TV қызметін пайдаланушылар Viasat Nature HD/Viasat History HD және Viasat Sport HD  3 телеарналарын көрген кезде  жаңа буынды теледидар сапасын тегін негізде пайдалана алады, ал  2014 жылғы 24 қаңтардан бастап біз тестілік пайдалану үшін  "Viasat Premium HD»  толық пакетін  іске қосамыз.

Viasat Premium HD пакетінің көптеген артықшылығы бар, олар: мінсіз көлемді дауыс 5.1 және  Full HD жоғары сапалы суреттер, соңғы әлемдік бірінші көрсетілім фильмдерін көрсетуі және жарнаманың жоқ болуы. Жаңа пакетке  келесі арналар енгізілген - TV 1000 Premium HD TV, 1000 Megahit HD, TV 1000 Comedy HD, Viasat Nature HD, Viasat History HD, Viasat Sport HD.

iD TV көрермендеріне  жаңа голливуд және ресей  фильмдері және мультфильмдері, соңғы блокбастерлер, ірі кинофраншиздер, үздік комедиялар және спорт туралы бағдарламалары қол жетімді болады.  Сондай-ақ, жаңа пакетке HD-сападағы табиғат және жануарлар әлемі туралы  танымды деректі фильмдер, тарих, қалалар және оқиғалар туралы бағдарламалар енгізілген.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «iD Net» қосылған «iD TV» қызметінің пайдаланушылары, бекітілген  тарифтер  бойынша "Viasat  Premium HD"  жаңа пакетіне өз бетінше қосыла алады. Viasat Premium HD жаңа пакетінің құны  бір киносеансқа  екі билеттің құнына тең болып табылады. Viasat Premium HD жаңа пакеті бойынша толық ақпаратты және  оны ұсыну шарттары туралы  www.id-tv.kz. сайтынан білуге болады.

0
0
750

Оралда қос бірдей ансамбль халықтық атағын иеленді

ҚазАқпарат, 29.01.2014

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында «Сударушка» және «Әже сәлемі» ансамбльдеріне халықтық атағы берілуіне орай концерт қойылды.

Аталмыш өнер ұжымдарын қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Алдабергенов құттықтап, сертификаттарын табыс етті.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, «Сударушка» ансамбліне өткен жылы 45 жыл толды. Әр жылдары ансамбльге Николай Жигалин, Николай Новиньков, Павел Холбошин, 2008 жылдан бері Светлана Горшкова жетекшілік етіп келеді. Қазіргі құрамында 12 адам бар.

«Әже сәлемі» ансамблін осыдан он жыл бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұрқия Ершориева құрды. Алғашқы кезде Зоя Сүлейменова, Бегайша Ахметова, Бәтима Өтеғалиева, Әмина Сатқанова, Мәдина Есқалиева сынды әжелер ән салды. Қазіргі кезде олардың қатары 14-ке жетті. Олар халық әндерін салумен ерекшеленеді.

 
0
0
530

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық, бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық, ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік. Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, ал патша көңілді ағайын сайттың бета нұсқасына бағаларыңызды беріп, сын көздеріңізбен қарап жіберсеңіздер, сурет жағынан біраз кемшіліктері бар, суретті барынша сапалы көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, аударманың сайт бетіндегі лекцикалық сәйкестігін қадағалап, байқалған қателіктерді дұрыстап жатырмыз, неде болса Қазнетке жаңа сайт қосылды.

0
0
1343

Қазақстан Үкіметі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын қолдады

2014 жылдың 28 қаңтарында Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің 2050 жылға дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасы қаралды.
2013 жылғы қазанда Елбасы Н. Назарбаев тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесімен айналысуды тапсырды. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспарында қарастырылғандай, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын әзірлеу ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне тапсырылды.

2014 жылдың 28 қаңтарында Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің 2050 жылға дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасы қаралды.
2013 жылғы қазанда Елбасы Н. Назарбаев тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесімен айналысуды тапсырды. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспарында қарастырылғандай, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын әзірлеу ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне тапсырылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-28/

0
0
673

Тауар өндірушілер қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге міндеттелмек

BNews.kz  Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы тауар өндірушілерге қалдықтарды жинауды және қайта өңдеуді міндеттейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-26/

0
0
333