Мазмұнға өту

Жаңа

Бокстан әлем чемпионы футбол ойынына 10 млн. доллар тікті

Флойд Мейвезер

Атақты америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер «Денвер» — «Сиэтл» Ұлттық футбол лигасының ақтық ойынына ірі ұтыс тікті.

36 жастағы боксшы «Денвер» жеңіске жететініне сенімді. Ойын ақпанның 2-нен 3-не қараған түні өтеді. Мейвезер бұл кездесуге 10 миллион доллар тікті, деп хабарлады РБК.

Мейвезер — атышулы боксшы. Оның лақап аты — Moneymaker. Өз салмақ дәрежесінің үздігі болып табылады. Өзінің әр кездесуін шоуға айналдыратын қасиеті бар. 2 мәрте чемпион белбеуіне қол жеткізген ол ақшасы бар кейсті бірге алып жүреді. Кейде бір топ адамның алдында сол ақшаны шашып, құнды қағаз үшін таласып, төбелескен көріністі тамашалайтын әдеті бар. Кейде қоғам алдында ақшаны өртейді. Букмекерлік орталықтарда миллиондап ұтыс тігеді.

Алдын ала есеп бойынша, бұл кездесу 200 миллион доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін.

 
0
0
401

Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері кездесті. Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың қорытындысын шығарып, ынтымақтастықтың таяудағы перспективаларын талқылады.

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері кездесті. Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың қорытындысын шығарып, ынтымақтастықтың таяудағы перспективаларын талқылады.

Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өткен тараптар қорғаныс саласындағы ауқымды мәселелер туралы пікір алмасты.

– Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді және оң динамика жоспарланды. Біз екі елдің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылдарын бұдан да сапалы деңгейге шығаруға мүдделіміз, – деп атап өтті.

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесі бойынша істің жай-күйі мен құжатты ратификациялаудан кейінгі бірлескен іс-қимылдарды талқылады. Сондай-ақ, әскери-техникалық ынтымақтастық, Қазақстанның сынақ полигондарын Ресейдің жалға алуы мен пайдалану тәртібіне қатысты мәселелері қаралды.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жылғы 18-22 тамыз аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында ҰҚШҰ шеңберінде Жедел ден қою күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері әскери білім саласындағы өзара іс-қимылды да талқылады. Ресей Федерациясы жыл сайын қазақстандық офицерлер мен курсанттарға өз әскери оқу орындарында оқу мүмкіндігін ұсыныа отырып, Қазақстан әскерінің кәсібилендіру ісіне елеулі үлес қосып келеді. ҚР Қорғаныс министрлігі Ресей Қорғаныс министрлігінің ғылым кандидаттары мен докторларының ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің оқу процесіне қатысуына мүдделі болып отыр.

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу кездесу қорытындысы бойынша екі елдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасының оң динамикасын атап өтті. Сонымен бірге бүгінгі келіссөздер Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығына жаңаша қарқын беретініне сенім білдірді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
299

Полицейлер шет тілдерді үйренуге назар аударуы керек.

Астана қалалық ІІД өткен жиында ІІМ вице-министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция жаңа жұмыс тәртібін енгізу керек. Мектеп инспекторларының жұмысына ден қойып, колледждердегі жағдайларды қадағалау қажет. Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F14650F3C3C2035DE044002655122E6A

0
0
429

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 28 қаңтарында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясы мен Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлерінің бірлескен рейд жүргізуі барысында Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылы тұрғынының үй ауласындағы мал қорасында  бұтарланған 8 жануардың, алдын-ала болжам бойынша – ақбөкен  еттері табылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-38/

0
0
312

Алғашқы әскери дайындық: Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде жастарды әскери қызметке әзірлеуге жаңа көзқарас

Астанада алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.Шараны астаналық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен білім беру басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Үш күндік семинарға орта мектептер мен колледждердің оқытушылары қатысты.

Аталған сабақтар Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Оқытушылар үш күн бойы мектептерде, колледждерде жас ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруда тәрбие жұмысын жетілдірудің әдістері мен тәсілдерін үйренді.

Бір айта кететін нәрсе бүгінгі таңда қорғаныс ведомствосында әскери білім беруді жетілдіруге, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке әзірлеуді ұйымдастыруға баса назар аударылады.

Семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов:
- Елбасы биылғы Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар». Сол себепті алғашқы әскери даярлық пәні оқытушыларының біліктілігін арттыру, сондай-ақ әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтардың санын арттыру Жоғарғы Бас қолбасшы қойған тапсырмаларды іске асыруға жасалған қадам болып табылады, – деп атап өтті.

Нұсқаулық-әдістемелік сабақтардың қорытындысы бойынша оған қатысушыларға сертификаттар мен оқушылармен сабақ жүргізу үшін оқу автоматтары табыс етілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
557

Қалдықты да қажетке жарату керек

“Айқын” газеті
«Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бағдарламасын жетілдіру интеграциясыз жұмыс жасай алмайды. Ол вертикалды интеграцияланған жүйе болуы тиіс.

“Айқын” газеті
«Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бағдарламасын жетілдіру интеграциясыз жұмыс жасай алмайды. Ол вертикалды интеграцияланған жүйе болуы тиіс.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-36/

0
0
481

WWF қазақстандық экологтармен бірлесіп, ШҚО-да барыстарды зерттеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда

Қазақстан жаңалықтары АА.«Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы WWF Бүкіл әлемдік табиғат қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда барыстарды сақтау мен зерттеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруда  деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.
«Эко-Алтай» КЕҰ ақпартына сәйкес барыстар тек 12 мемлекеттің аумағында ғана сақталған. Олардың жалпы саны – бар болғаны 3-6 мың. Қазақстанда барыстар Шығыс Қазақстанның аумағында, яғни Сауыр-Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таулы аймақтарында кездеседі. Нақты емес мәліметке сәйкес 10-12 барыс қана қалған.

Қазақстан жаңалықтары АА.«Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы WWF Бүкіл әлемдік табиғат қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда барыстарды сақтау мен зерттеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруда  деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.
«Эко-Алтай» КЕҰ ақпартына сәйкес барыстар тек 12 мемлекеттің аумағында ғана сақталған. Олардың жалпы саны – бар болғаны 3-6 мың. Қазақстанда барыстар Шығыс Қазақстанның аумағында, яғни Сауыр-Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таулы аймақтарында кездеседі. Нақты емес мәліметке сәйкес 10-12 барыс қана қалған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-34/

0
0
917

Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді.

2014 жылғы 3 ақпан күні Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында Агенттіктің 2013 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы талқыланып, 2014 жылға қойылған міндеттер белгіленеді.

Отырысқа ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің,  Дін істері агенттігінің, ведомствоға бағынышты орталықтарының, діни ахуалды талдау сұрақтары бойынша айналысатын облыстардың дін істері басқарма басшылары мен діни және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қызметкерлері қатысады.

Уақыты: басталуы - 10.00.

Журналистерді тіркеу уақыты: 09.00-ден 10.00-ге дейін.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі (№14 кіреберіс), 1 қабаттың Мәжіліс залында (В123).

Аккредитация және толық ақпарат алу үшін Сіздерді Баспасөз қызметіне  мына тел: 74-09-50, 8 701 387 87 77  Айжан, [email protected] электрондық поштасы бойынша қызметке а.ж. 31 қаңтарға дейін хабарласуларыңызды сұраймыз.

 
0
0
478