Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мәңгілік Ел» Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың біріктіруші идеясы болуы шарт — сенатор А.Башмаков

ҚазАқпарат, 30.01.2014

«Мәңгілік Ел» идеясының тұжырымдамасы тек қазақ мәдениетіне бағытталып қана қоймай, Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін факторға ие болуы шарт, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков.

«Қазақтардың өзге халықты қабылдай алатын қасиеті бар. Бұны қазақ ұлты дәлелдеді. Бұл қазақ этносына тән ерекшелік. Халықтың менталитетін түзеуде ол ең басты маңызға ие. Осы тұста «Мәңгілік Ел» идеясы әрбір қазақстандықты қазақ менталитетіне сай біріктіруші факторға айналуы тиіс», - дейді А.Башмаков.

«Ооның негізгі мақсаты да сол - елдегі түрлі этностарды гуманистік идеялармен біріктіру».

«Мәңгілік Ел» - бұл ең алдымен Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дамуының тең әрі өзара байланысының гуманистік идеясы. Ол біздің мемлекеттік саясат пен ұлттық идеямыз болуы керек деп санаймын», - деді сенатор.

0
0
315

Осы тақырып бойынша

«Мәңгілік Ел» Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың біріктіруші идеясы болуы шарт — сенатор А.Башмаков - Yvision.kz