Мазмұнға өту

Жаңа

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады.

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады. «ҚазАқпарат», 03.02.2014ж.
Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басым бағыттары талқыланды. Жиынға департамент басшылығы мен жеке құрамы және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты.   

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Жиын барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов Елбасының Жолдауда берген негізгі тапсырмаларына, оның ішінде, ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктеген міндеттеріне тоқталды. Ұлт Көшбасшысы стратегиялық құжатта: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс»,- деп нықтап айтты. Еліміздегі құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Демек, «Ішкі істер органы қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру, оларға деген халықтың сенімін нығайтуға бағытталған тапсырмаларды орындау баршамыздан әділдікті, жоғары құқықтық мәдениетті талап етеді»,- деді Талғат Жүкенұлы.

Талқылау соңында көлік полицейлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, психологиялық және жауынгерлік дайындықтарын нығайту, тәртіптер мен заңдылықтарды сақтау сынды бірқатар тапсырмалар берілді.

Әбу-Асқар Мекешұлы

0
0
391

Бомжының соңғы сәлемі.

БОМЖы Болаттың сәлемі.

Қазақ халқында ұлы ақынның аты беріліп, жетістіктерге қол жеткізген, ұлы ақынға аттас адамдар кем де кем шығар. Сондай жандардың бірі қазақ армиясының генералы А. Т. деген азамат менің жездем еді. Төменгі шеннен бастап сонау генералға жету екінің бірінің қолынан келе бермес іс. Талайлар тапырақтап полковниктен аса алмай қалады, кейбіреулер тіптен майорға мыжырайа жете жығылады, милисса болса тіптен сол «страшный сержант» кейпінде келешекке кете барады, сол шенге жетіп алып, қолды көрінгеннің қалтасына салып, қазынадан да алып, жүргіншіден де алып, жүргізушіден де қарпып, қарсы тұрғанды тарпып, беттерінен майы тамып, инспектор деген атаққа ие болып, қазаққа қара күйе болып, майпара болып, жайпара жапыра жеп, желіп жүре береді.

Жездеке сенің жеткен жетістігіңе әбден разымын, сенің атыңды, атағыңды мақтана айтып, талай жерде танауымды да кердім, түсінбегендерден таяқ жеп, тепкіні де көрдім. Сен генералсың, мен бомжымын, Генерал болғанда да теледидардан жиі көрсететін, көпке танымал тұлғалардың бірісің. Сен тірісің, мен запыран ішіп, нөмірмен көмілген далада қалған көп босқынның бірі болармын. Сен Астанада аспандап отырсаң, мен Алматының түбіндегі Боралдайда көмілген Белгілі Орнықты Мекені Жоқ бомжының біріне теңгерілермін. Егер артықтау айтылса мүмкін кешірерсің, егер қателессем ғапу өтінемін. Бірақ сеннен басқа менің базына айта алар адамым қалмады бұл жалған дүниеде.

Туған әпкем, сенің жубайың әкемнен қалған пәтерді араққа сатып жібересің, деп тартып алған жоқ па еді, әрине, олай болуы да мүмкін еді. Мен алқашпын, бала-шағамды тастап қаштым, енді далада тентіреп жүрмін. Еңіреп жүрмін, ботадай боздап жүрмін, жанжарамды анда-санда қозытып қозғап жүрмін.

Былтырғыға қарағанда біраз сабырланған секілдімін, көктемнен бері бір-екі рет қана қатты іштім, Астанаға кетемін деген ұстанымына сенген секілдімім. Ең бастысы адамдарға деген сенімім молайғандай, алдамасам, адамдар да ақырындап мені түсінуге тырысатындай көрінеді. Бар сенетінім Астанадағы жездем сен ғана, әпкемді айтпаймын, сені бір көрсем, киініп барып парадтағыдай бір көрінсем деп армандаймын. Есіңде ме, сен мені әскери училищеге түсіргенде мен қандай едім, сен қаншама көмектескеніңмен мен оқып кете алмадым. Мен сенің абыройыңа нұқсан келтірсем де, сен мені кешіре алдың. Мен сенің сеніміңді ақтай алмадым.

-Ол сондай тамаша адам, маған талай қол ұшын берген еді, әттең, кезінде арақты қоя алмадым,- деймін. Кезінде еркелікке салынбай сен жездем секілді Алматыдағы әскери училищені бітіріп, әскери жолды қуғанда бүгін кем дегенде капитан, немесе майор болып отырар едім ғой, арақ ішіп, бұзақылық жасап қуылып тындым. Ол өз істегенім, жіберген қателіктерімді түсінемін, әпкелеріме де өкпем жоқ, әкем менің қылығымды көтере алмай қайтыс болды дегендеріне де сенемін, туған ағам Жекен отыз жетісінде қайтыс болғаннан кейін, көтере алмай кетті ғой екі ұлынан айырылғанына. Бірі ерте ол дүниеге аттанса, мына мен ақымақ, аттандап, араққа тойып сайрандап жүрдім. Әкемнің жүрегі жайында ойламадым да, шешемді де ерте көрге тыққан мен деп айыптайды Рая мен Гуля. Сол өз істеген олқылықтарыма өзім жауап беріп жүрмін деп те тұжырымдаймын.

- Менің сізден құрметті генерал мырза сұрарым, егер де осы Өскенбаев Болат Өсербаевич, Қостанай облысы, Жангелді ауданында 1961 жылы 12- ші шілдеде дүниеге келген сіздің нақты балдызыңыз болса, жылы шырай білдіріп қарсы ала алмасаңыз да, соңғы бір өтінішін орындай алар ма едіңіз?. Егер құдай қолдап, Астанаға жете алсам жақсы, құшақ жаймасаңыз да, жылы көңілмен қарсы алуға тырысарсыз. Ал егер ондай туысым жоқ десеңіз, кешірім сұраймын, Келесі қысқа қарай не ауылға, немесе сол ауыл маңындағы Кришнаиттер тобына кірмек ойым бар, бірақ олар арақ ішкендерді ұнатпайды. Маған көмек берер адам саны да азайып барады, егер қысқа қарай жұмыс болмай қалса, далада қатып өлетін шығармын..

Кәрілік пен қыс байқалмай келеді емес пе, екі-үш вариантты дайындап, жасап қойған жобаларым бар, көктем шықты ғой, құдайға шүкір.

Түрмеден шыққандарға жұрттың көбі жылы шырай білдіргісі келмейтіні рас, түрмеден шыққанды құбыжық көреді жұрттың көбі. Бірақ, біз де адамбыз ғой, басқалар секілді адамзаттың баласы емеспіз бе, өмірден опық жегендерміз ғой, егер дұрыс түсінігі бар болған жандар, адал жолға түсуге тырысады емес пе. Мен де соның бірі болуға тырыстым, қаншама тырысқаныммен, нәтиже шығара алмадым ғой. Маған сенім білдірген жандар да көп болды бұл өмірде, тек олардың сенімін ақтау керек еді, сену қажет еді, оларға сенсең олар да сені алдамауға тырысады екен. Түрменің заңымен адам қоғамының заңы екі басқа, түрме заңы қатал боғаныме адал, ал қарапайым қоғамда көптеген арамзалар кездеседі екен. Талайдан таяқ жеп, талайдың малайы, құлы да болдым. Менің көргенімді басқа адамның басына бермесін, әсіресе, менің жалғыз ұлым менің жолымды қумаса екен.. Жылқы адасып үйірін табар,- демекші, менде өз үйірімді, өз туыстарыммен қауышқым келеді. Құрметті, генерал мырза балдызыңыз Болат та қатарға тұрып, туыстарына қосылғысы келеді, адам қатарлы өмір сүргісі келеді. Ол сізден көмек сұрап баруға намыстанады, әлі күнге дейін өз күшіммен өмір сүріп кетемін деген сенімдемін. Мен өз өмірімді өзгертемін деп талай талпындым, талай жан көмегін берді, тек Астанаға тартқан жол, сапарларым ең арысы Шумен аяқталды. Сіз ғана анда-санда аман-саулығымды біліп тұрдыңыз. Қаншама жыл бойы сізден келген сәлемдемені бейтаныс жігіттер әкеліп беріп тұрды, мені қалай табатындарын білмеймін, тек: Жездең берді,- деген қаражат талай арақ болып кетті емес пе.

Адасқанды айдалада тастап кеткеннен гөрі, жетектеп жолға шығарған қиын болса да, сауабы бар іс. Сауабы тиер іс қылу мұсылман қауымының бір парызы емес пе. Мен ешқашан қазақ тілінде түсінісіп сөйлесе алмадым, сол себепті, өмірімнің соңында, сәлемдемені қазақша жіберіп отырмын, егер сіздің балдызыңыз нақты Болат болса соңғы сөзіне құлақ салар деген сенімдемін.

Үмітсіз шайтан ғана демекші, үміттеніп аузымнан тастамайтын адамым болғаннан кейін осындай хат жазуға мәжбүр болып отырмын. Жүз рет жазылып, жүз рет жыртылды бұл хат. Менің кеудемде таңба болып басылған бұл сөздер, жатқа айт десеңіз сайрап айтып берер едім, әттең, енді кездесе алмайтын шығармыз, әлім бітіп барады...

Егер мен ол дүниеге аттанып кетсем, мені белгісіз адам ретінде жерлей салатын шығар, менің сізден соңғы өтінішім, әкем мен ағамның қасынан маған орын табылмасына сенімдімін, тек солардың қасына маған арнап бір тақта жазғыза алар ма едіңіз. Болат 1961 жылы 12 шілдеде туылған, қайтыс болған жылы 2009 деп. Мейлі менің сүйегім далада қалсын, немесе, мені ит-құс жесін, тек әкем мен бауырымның қасынан маған арнап бір ескерткіш тақта жазғыза салсаңыздар, әкемнің аруағы да риза болар ма еді, қос баласын қасына алып жатып...

Кешірші мені әкетай, мен сенің кенжең едім, талай түнді сенің молаңның басында жылап өткіздім, егер сендер Кеңсайда жатпағанда басқа жаққа қаңғырып кетер ме едім әлдеқашан. Ал мен кете алмадым, айналсоқтап жүрдім сендердің айналаларыңда...

Ал егер ондай туысым жоқ десеңіз ренжімеймін, кешірім сұраймын да, ғапу өтінемін.

Сандырақтап жатып Болат та жүріп кетті. Көктемнің шыққанына қуанып, дүкеннің қасынан жиған теңгесіне ішкен арағы у болды. Жұртқа көрінбейін деп Кіші Алматы өзенінің бойындағы лапасқа тығылған еді, не көмек сұрауға, не Чайкина мен Тәттімбет көшелерінің қиылысына еңбектеп жетуге әлі болмай, есі кірелі-шығалы үш күндей жатты. Тек көшедегі иттер келіп иіскеп кетеді: Ә, әлі тірі жатырмысың,- дегендей. Көптен тамақ ішпегендіктен, тұралап жатып таусылды соңғы демі.

Адам болып туып, өлгенде қасында тек иттер ғана болған бір бейбақ озды пәни жалғаннан. Туғанда өмірдің еркесі еді, дұрыс жолмен жүргенде елдің серкесі болар ма еді, тек келте ғана ғұмыр кешіп, серейіп жатты, мәйіті. Өмірінің басында адам баласын менсінбеген паң еді, соңында адамзаттан көмек сұрауға зар болып, шаң қауып, иттер ғана келіп, халін сұрап, бетін жалап, жалғыз тастамай, жанын жубатты. Иттер қасынан ұлып, шықпай қойғаннан кейін ғана адамдар келіп қарап, қарайып кеткен адам қаңқасынан осы көшедегі қаңғыбастың Қудайымен кездесуге аттанғанына көз жеткізді. Милисса шақырып, жасыл телешкеге тиетіп жіберді.

0
0
562

Әуеспоттер дегеніміз кім?

Мүмкін біреуіңіз Алматыдан Лондонға, Амстердамға немесе жер жүзінің  қандай да басқа қаласына сапар шеккенде, ұшақпен жерге жақын қалғанда, элюминатордан біршама бейнекамерамен тұрған адамдарды байқаған боларсыз, олар – әуеспоттерлер. Ондай споттерлер біздің Алматы қаламызда да бар. Оның біреуі – мен.

Алматы Споттинг Клуб споттерлері жұмыс барысында

Алматы споттерлері. Сурет авторы Юлия Кривцова.

Цюрих әуежайында споттерлерге жағдай жасалған

Цюрих әуежайында споттерлерге жағдай жасалған. Сурет авторы Вячеслав Фирсов.

Әттең бәріне орын жетер емес
Әттең бәріне орын жетер емес. Сурет авторы Вячеслав Фирсов.

Споттинг, ағылшын  spot  сөзінен – «көрү», «анықтау» деген мағынаны білдіреді. Әуе споттинг  – ұшақтардың тірке нөмерін жазып алып, олардын тізілімін жүргізу, кейінгі кездері бейне камераға суретке түсірумен қоса жүреді. Споттерге әуе кеменің үлгісін және бүйір нөмерін байқау – маңызды болып табылады. Батыс елдерде кейбір споттерлер тіпті споттингке бейнекамерасыз шығады, олар әуе кеменің бүйір нөмерін, үлгісін және қай жерде, қай уақытта көргенің жазумен шектелген.

Мен споттингке қалай келдім деп сұрасаныз, ұшаққа қызықпаған бала жоқ шығар. Мен де соның бірімін. Сонымен қатар бейнесүретке де қызығушылығым бар еді. Сәті келіп 2012 жылдың аяғында бейне камера сатып алдым. Ал, бейнекамера бар, әуежайға жөнелдім. Жылдамдығы 250 шақырыммен ұшып баражатқан ұшақты түсіру оңай болмады. «Ағып тұрған су тасты жарады» дегендей, қолым тиген сайын әуежайға барып тұрдым.
Қазіргі кезде суреттерімді әлем сайттарынан байқауға болады.
http://www.airliners.net/search/photo.search?photographersearch=Aidyn%20Iskakov%20-%20Almaty%20Spotting%20Club&distinct_entry=true

http://www.planespotters.net/Aviation_Photos/search.php?tag=Aidyn+Iskakov+-+Almaty+Spotting+Club

Алматы Халықаралық әуежайға тоқтасақ, орналасуы азияның қақ ортасы. Еуропадан шығыс азия елдеріне есік десек артық болмас. Алматы Халықаралық Әуежайына дүние жүзінен жүктасымалдайтын ұшақтар қонып жатуы әбден ықтимал. Атлас Эйр, Туркиш Карго, Люфтганза Карголюкс, Силквэй, Этихат, Эмирэйтс, ЮПИЭС сияқты басқа да әуетасымал компанияларының ұшақтары байқалады. Тіпті әлемдегі ең үлкен және 1 данадағы Антонов 225 «Мрия»  жанармай толтыруға қонып жатады.

UPS McDonnell Douglas MD-11F
UPS. McDonnell Douglas MD11F

Etihat Cargo Boeing 777

Etihad Cargo Boeing 777-FFX

MAS CARGO Airbus A330-223F

MAS CARGO Airbus A330-223F

Cargolux Boeing 747

Cargolux Boeing 747

Atlas Air Boeing 747

Atlas Air Boeing 747

Lufthansa Cargo McDonnell douglas MD11F

Lufthansa Cargo McDonnell douglas MD11F

Turcish Cargo Airbus A330
Turcish Cargo Airbus A330
SilkWay Boeing767
SilkWay Boeing767
Emirates Sky Cargo Boeing 747
Emirates Sky Cargo Boeing 747

Antonov 225 Мріа
Антонов 225. "Мрия"

Өздеріңіз байқағандай әлемде ұшақтар арасында топты Airbus және Boeing бастап келеді.
Біздің әуе аямызда да топты бастаған осы екеуі.

Boeing 767-300ER

Кеңфюзеляжды орта және ұзақ қашықтыққа ұшуға арналған ұшақ. Екі үнемді реактивтік  қозғалтқышы бар ұшақ құрылуы 1978 басталды. Боинг 767-300ER өзінің ізашар бауырына қарағанда фюзеляжі 6,5 метрге ұзын. Соның саласынан адам басы 22 пайызға (шамамен 40 адамға) және тасымалдайтын жүк көлемі 31 пайызға ал ұшу қашықтығы 1900шақырымға ұлғайды. Бұның бәрі Боинг 767нің кеңінен тараған түрі болып шықты.

AirAstana Boeing 767-300ER

AirAstana Boeing 767-300ER
BritishAirways Boeing 767
BritishAirways Boeing 767
AirAstana Boeing 767-300ER
AirAstana Boeing 767-300

Boeing 757-200

Орта қашықтыққа ұшуға арнаған ұшақ. Бұл ескірген Боинг727 орнына шығарылған болған. Бұл ұшақ түрі Боинг компаниясымен шығарылған ұшақтардын айрықше сәтті ұшақтарына жатады. Боинг 757 1982ж бастап 2005жылға дейін шығарылған. Боинг757-200, 757 топтамасының ең таралған түрі.

AirAstana Boeing 757-200
AirAstana Boeing 757-200
AirAstana Boeing 757-200

AirAstana Boeing 757-200

Sunday Airlines Boeing 757-200
Sunday Airlines Boeing 757-200

Airbus A319 A320 A321

Жақын және орта қашықтыққа ұшуға арналған әуекемелер топтамасы. Бұл дүниежүзінде электрлікқашықтықта басқару жүйесімен жабдықталған ұшақ. 1988 жылдан бастап шығарылады.
Бұл ұшақтар бір бірінен тек фюзеляж ұзындығымен ерекшеленеді. Оның салдарынан адам басы, ұшу қашықтықғы, жүк көлемі де ерекшеленеді.
А 319-100 – адам басы 116/156, ұшу қашықтығы  – 6850шықырым, ұзындығы 33,84 метр
А 320-100/200 – адам басы 140/180, ұшу қашықтығы  – 6150 шақырым, ұзындығы 37,57 метр
А 321-100/200 – адам басы 170/220, ұшу қашықтығы  – 5950 шақырым, ұзындығы 44,51 метр

AirAStana Airbus A319

AirAstana Airbus A319

Air Astana Airbus A320
Air Astana Airbus A320

Air Astana Airbus A321
Air Astana Airbus A321

Embraer  E-jet190/195

Екі турбореактивті қозғалтқышы бар, орта қашықтыққа ұшуға арнылған ұшақ. Бұл Бразилиялық Embraer компаниясымен 2002жылдан бастап шығарылады.Е190 Адам басы 98/114, ұшу қашықтығы – 4260шақырым, ұзындығы 36,24. Е195 адам басы 108/124, ұшу қашықтығы 3350 шақырым, ұзындығы 38,65метр.
Жылдамдығы 890шс
ұшу биіктігі 12500метрге дейін.

Air Astana Embraer E-190
Air Astana Embraer E-190

Air Astana Embraer E-190
Air Astana Embraer E-190

Boeing 737

Boeing 737 Әлемдегі кеңінен таралған реактивті жолаушылар таситын ұшақ. Boeing 737 жолаушылар таситын әлем әуе тарихындағы жаппай шығарыл ған ұшақ. 2013 жыл аяғына барлығы 7800 ұшақ шығарылып, 3000 тапсырым әлі өндіруде.  Ұшақ Boeing компаниясымен 1967 жылдан бастап шығарылады. Boeing 737 кеңінен тарағаны соңша, кезкелген уақыт кезеңінде, аспанда орташа шамамен 1200 ұшақ ұшуда, және әрбір 5 секунд сайын әлемде boeing 737 1 данасы ұшып, қонуда.  Boeing 737 – оннан астам ұшақтын жалпы атауы. Boeing 737 төрт топтамаға бөлінеді, Boeing 737Original – Boeing 737-100/200. Boeing 737 Classic – Boeing 737-300/400/500. Boeing 737 Next Generation – Boeing 737-600/700/800/900/900-ER. Boeing 737 MAX.

Boeing 737-300
Boeing 737 Classic – топ бастаушысы. boeing 737-200 қарағанда фюзеляжы 3 метрге ұзын, 33,25м. 1984 жылдың 24 ақпанда алғашқы рет ұшты.
Адам басы 149, Жылдамдығы – 807шс, ұшу қашықтығы – 5000м.

SACT Boeing 737-300
SACT Boeing 737-300

SACT Boeing 737-300
SCAT Boeing 737-300. Сурет авторы Руслан Тимербаев.

Boeing 737-500, 2 метірге қысқарған boeing – 737-300 түрі болып табылады. Есесіне ұшу қашықтығы ұлғайды.
Адам басы 132, жылдамдығы 807шс, ұшу қашықтығы 5200м.

SACT Boeing 737-500
SCAT Boeing 737-500

Bombardier Canadair Regional Jet (CRJ) – жергілікті адам таситын ұшақтар топтамасы. 
1995 жылы табысты CRJ 100 жақсартылып CRJ-200 жарық көрді. Оған үнемді қозғалтықштар қойылды, қыйн метеорологиялық жағдайға жарамды және биік таулы аэродромдарда қолдануға жарамды, 50 жолаушы тасымалдайтын ұшақ.
Экипаж 2 пилот
адам басы 50
жылдамдығы 860шс
ұзындығы 26,77м
ұшу қашықтығы 2700шақырым

CRJ-200 Scat
SCAT Bombardier CRJ-200

Scat CRJ200
SCAT Bombardier CRJ-200

Canadair CRJ-700 – 1999 жылды мамырдың 27де алғашқы рет ұшты. Бұл CRJ – 200 ге қарағанда
фюзеляжы ұзартылған түру. Сонымен қатар адам басы 50ден 70ке ұлғайтылды.
Экипаж 2 пилот
адам басы 70
жылдамдығы 875шс
ұзындығы 32,51м
ұшу қашықтығы 2700шақырым

CRJ-700
CRJ-700. Сурет авторы Руслан Тимербаев

CRJ-700

Антонов 24 – қысқа және орта қашықтыққа арналған жергілікті турбовинтті ұшақ. Алғашқы рет аспанға 1959 жылы көтерілді. Ұшу қашықтығы 2000ш, жылдамдығы 450шс, адам басы 48/52. 1960 жылдан бастам әлі күнге дейін пайдалануда. 1200 ден астам данасы шығырылды.

SCAT AN24B
SCAT AN24B

Fokker 100
Fokker 100 орта қашықтыққа ұшуға арналған ұшақ. Пайдалану шығыны төмен және бұл класста бәсекелестін болмау  1980 жылдары бұл ұшаққа сұраныс жоғары болды.
283 данасы шығарылды.
Экипаж 2 пилот
адам басы 85/112
жылдамдығы 845шс
ұзындығы 35,53м
Ұшу қашықтығы 3111ш
BekAir Fokker 100
BekAir Fokker 100

BekAir Fokker 100
BekAir Fokker 100

BekAir Fokker 100
BekAir Fokker 100

Тоқетері, қуанышқа орай біздің авиациямыз қарқынды дамып келеді. Әуе компаниялар өз меншігіне ұшақтар алып, жаңа бағыттарға жол ашуда.
Еліміз тыныш аспанымыз ашық болсын ағайын.

7
0
2975

Коңыр Әулие. Баянауыл. Павлодарская область.

Читая пост о Коныр-аулие, я испытывал странные ощущения. Легенды те же, фото тоже оттуда. Но во время моего посещения Баянаульского Коңыр Әулие про несколько залов в этой самой пещере, и уж тем более о целом озере даже речи не было. Потому мне захотелось внести немного ясности в информацию о священном месте.

Расскажу о том, как можно добраться до пещеры Коңыр Әулие, которая находится в Баянаульском национальном парке в Павлодарской области.

В районе туристических баз на берегу озера Жасыбай, но ближе к горам, можно найти парней, сидящих в старом автобусе ГАЗ-53. Они с удовольствием предложат Вам прокатиться до Коңыр Әулие вместе с гидом, за что попросят совсем небольшую сумму.

Дорога до Коңыр Әулие и обратно = танцы под Brutal Death Metal. Потому ни видео, ни фото самой поездки нет.

Но по дороге к пещере будет остановка, во время которой можно будет развязать кишки и сфотографироваться на фоне таких вот скал.

Думаю, понятно, по какой причине все выходят из автобуса и хихикают.

Через некоторое время автобус остановится у небольшого домика, рядом будет конструкция с надписью "Коңыр Әулие". Но погодите расслабляться...

Дальше придётся идти пешком. На пути к пещере необходимо будет преодолеть тропинки, проложенные между камнями, мосты и лестницы, сооруженные из досок и стволов деревьев.

Дорога будет нелёгкой, но природа наградит вас за упорство таким вот пейзажем.

(!) Помните, что на территории национального парка нельзя срывать цветы, ломать сухие деревья и прочее. Здесь природа должна испытывать минимальное воздействие со стороны человека.

А после долгих стараний перед вами откроется вход в пещеру.

Легенда та же, что и в недавнем посте о Коңыр Әулие. Был потоп, и один старец, плывший на плоту, нашёл себе спасение в этой пещере. Позже в этой же пещере воины скрывались от джунгар. Точно историю, которую рассказывал гид, не помню. Возможно кто-то из вас в комментариях расскажет легенду целиком.

Те, кто добрался смогут войти в пещеру, коснуться стен, по которым, согласно поверьям, стекает целебная вода, умыться ею и загадать желание.

Обратный путь до автобуса будет намного легче. По пути Вам встретиться вот такой камень.

И снова хихикание и фотографирование на его фоне.

Обратная дорога на автобусе в очередной раз спутает ваши внутренности, поэтому, согласно поверьям, необходимо собрать весь мусор, который вы найдёте на пути к Коңыр Әулие, и выбрость в соответствующем месте на туристической базе.

Спасио за внимание. Берегите природу!

2
0
4442

Аудиопоэзия «Ақылым көп деп, мақтанба»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Ақылым көп деп, мақтанба,

Сененде көсем, табылар.

Біліммен бөліс, ойланба,

Аянбай сілте, сен жолдар.

 

Байлығым бар деп, мақтанба,

Сененде мықты, табылар.

Кедеймен бөліс, аянба,

Ең үлкен береке, сол болар.

 

Күшім бар деп, мақтанба,

Сененде оқасы, табылар.

Ренжітіп, салсаң сен, таңба,

Өзіңе қайта, оралар.

 

Қулығым бар деп, мақтанба,

Сененде, зоры табылар.

Бір күндік, өмірге алданба,

Әбсәтте, тақырда қалдырар.

 

Көзім көреді деп, мақтанба,

Сененде артық, көрер бар.

Зағиптың мұңы, ақ танда,

Тілекте, тәубе онда бар.

 

Зырылдап, өмір өтеді-ау,

Талғамай байды, кедейді.

Алла деп, керек армандау,

Тек сезім, сені жебейді.

 

Бұл өмір, шіркін щолаққой,

Адамдар өмірде, қонаққой.

Адамға керек, терең ой,

Өйткені, ен қымбат, өмір ғой.

1
2
856

Жұлдызшалардың орнына паролді қалай көруге болады

Кейде басқа компьютерден өз бетіңді табу үшін пароль енгізуге тура келетін кездер болады. Немесе пароліңізді жаңасына ауыстырғыңыз келді, бірақ браузердегі "Паролді есте сақтау" түймешесін басу арқылы енгізгендіктен, ескі пароліңізді ұмытып қалдыңыз делік. Пароль тек жұлдызша түрінде ғана көрінеді, ал бізге мәтіні керек.

0
0
621

«Astana Arlans» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын саңлақтарын жариялады

«Astana Arlans»
Қазақстандық «Astana Arlans» келесі кездесуін «Mexico Guerreros» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған орай астаналық клуб аталмыш кездесуге өз боксшыларын сайлап қойды. 52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мирас Жақыпов мексикалық боксшы Элиас Эмигдиомен шаршы алаңға шығады. «Арландар» капитаны Самат Башенов 60 келі салмақта Линдолфо Дельгадо Гарзаға қарсы жұдырықтасса, 69 келіде Манат Әмірзақов Марвин Кабрерамен күш сынасады. Ауыр салмақтарда Astana Arlans намысын екі хорватиялық алып қорғамақ. 81 келіде Хрвое Сеп мексикалық клубтың легионері Петр Чебанумен жекпе-жекке шығады. Ал аса ауыр салмақта Филипп Хргович қарсыласы Херардо Мигель Бисбальмен жұдырықтаспақ.

Матч 7 ақпанда Мексикада өтеді.

Оған дейін «Астана Арландары» өз жерінде 1 ақпан күні Russian Boxing Team командасымен қолғап түйістірмек.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
317

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп — 11:3.

Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция — Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы — шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
 
0
0
484

«Манчестер Сити» «Тоттенхэмді» жеңіп, Англия чемпионатының көш басына шықты

Sergio Agüero
Англияда Премьер-Лига футбол командалары арасындағы орталық кездесу «Уайт Харт Лэйн» аренасында өтті, деп хабарлайды РБК.

«Тоттенхэм» футболшылары «Манчестер Ситиге» қонаққа келген болатын. Пеллегрини басқаратын команданы соңғы кездері «Барселона» және «Бавария» клубтарымен салыстыруда. Шынымен де, Англияның экс-чемпионы «Манчестер Сити» кейінгі кездері қарсыластан қарсылас шақ келтірмей, тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Бірақ «Тоттенхэм» жанкүйерлері кездесу алдында жеңістен үмітті болатын. Себебі Тим Шервуд командасы да соңғы ойындарда жеңіліс көрмеген болатын. Дегенмен «Манчестер Сити» келді де жеңісті жұлып әкетті. Осылайша «Сити» чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындай түсті.

Мануэль Пеллегрини ойынның бірінші минуттарынан-ақ оны тек жеңіс қана қанағаттандыратынын көрсетті. Чилилік бапкер «Манчестер Ситидің» бастапқы құрамына форвардтардың екпінді жұбы — Агуэро мен Джеконы шығарды. Шабуылшылар томағасын шешкен қыран құстардай, Льорис қақпасына лап қойды. Сонымен қатар «Арсеналдың» ұпай жоғалтуы туралы ақпарат «Манчестер Сити» командасын одан әрі жігерлендіре түсті. Себебі «Манчестер Сити» «Тоттенхэмді» ұтса таза бірінші орынға шығатыны белгілі еді.

Ойынның 4-минутында-ақ Льорис қақпасына алғашқы доп ене жаздады. Аугэро айып алаңына допты алып кірді де, оң жақ қапталға ойысып барып, «Тоттенхэм» қақпасының арғы бұрышына тепкен болатын. Льорис бұл жағдайда қауқарсыз еді, бірақ доп қақпаның бағанасына тиіп кейін серпілді. Көп кешікпей Джеко айып алаңының ортасынан кірді. Шабуылшы қақпа бұрышын көздеген, бірақ доп қақпа маңдайшасынан сәл биік кетті.

Осы минуттарда «ситиліктер» ойынды толығымен бақылауға алған болатын. Матчтың алғашқы минуттарында «Тоттенхэм» ойыншылары тіпті шабуыл жасауға ынталы емес еді. Олардың тек қақпаны тегеурінді шабуылдардан қорғауға шамалары жетіп жатты. Бірақ 14-минутта еңбектері еш кетті. Сильва шабуылдардың бірінде Агуэроға пас беріп, ол  мүлт кетпеді. Есеп — 1:0. Осыдан кейін алаң иелері Харт қорғаған қақпаны торуылдап, үсті-үстіне шабуылдады. Дегенмен бірінші таймда есеп өзгерген жоқ. 48-минутта Роуз «Манчестер Сити» шабуылшысы Джеконы айып алаңында құлатқаны үшін айып добы тағайындалды. Оны Туре мінсіз орындап, есепті 0:2 жеткізді. Сонымен қатар Роуз ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Ойынның 53-минутында Джеко есепті тіпті еселей түсті. Дегенмен бес минуттан соң Кауэ  «Тоттенхэм» үшін бір гол салды — 1:3.

Келесі 10 минут алаң иелерінің шабуылымен ғана өтті, «Уайт Харт Лэйн» стадионындағы жанкүйерлер де өздерінің сүйікті командаларын  үздіксіз демеп отырды. Алайда қонақтарлардың мысын бірден басты. Бірінші таймда жарақат алып қалған Агуэроны алмастырған Йоветич 77-минутта Льористің қақпасына 4-голды енгізді.

Ойын соңына қарай Тоттенхэм футболшылары намысқа тырысып бақты, бірақ 89-минутта Компани олардың қақпасына 5-ші допты тоғытып кетті. Осылайша, «Манчестер Сити» өзінің басты қарсыласы «Арсеналды» турнирлік кестеде екінші орынға ығыстырды. Келесі ойынды олар «Челси» ойыншыларымен күш сынасады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
415

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі
Бангкокте өткен Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-орынға шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Бүгін 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сұлтан Зәуірбек корейлік боксшыны айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ тағы 5 боксшымыз Азия үздігі атанды. Олардың қатарында Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалибеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев, Елдос Қадырбаевтар бар.

Ал қола медальді  Ертуған Зейнулинов, Иван Ковалев және Илья Очкин еншіледі.

Айта кетейік, бүгін ғана аяқталған Азия біріншілігіне 16 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан бұл байрақты бәсекеге барлық салмақ санатында былғары қолғап шеберлерін апарған болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
0
587