Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді.
2014 жылғы 3 ақпан күні Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында Агенттіктің 2013 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы талқыланып, 2014 жылға қойылған міндеттер белгіленеді.
Отырысқа ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Дін істері агенттігінің, ведомствоға бағынышты орталықтарының, діни ахуалды талдау сұрақтары бойынша айналысатын облыстардың дін істері басқарма басшылары мен діни және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қызметкерлері қатысады.
Уақыты: басталуы - 10.00.
Журналистерді тіркеу уақыты: 09.00-ден 10.00-ге дейін.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі (№14 кіреберіс), 1 қабаттың Мәжіліс залында (В123).
Аккредитация және толық ақпарат алу үшін Сіздерді Баспасөз қызметіне мына тел: 74-09-50, 8 701 387 87 77 Айжан, [email protected] электрондық поштасы бойынша қызметке а.ж. 31 қаңтарға дейін хабарласуларыңызды сұраймыз.
