Мазмұнға өту

Жаңа

Дэвис Кубогы: Роджер Федерер Қазақстанға қарсы ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Әлемнің бірінші ракеткасы швейцариялық Роджер Федерер Дэвис Кубогының әлемдік тобының ширек финалында ерлер құрамасы қатарында Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz. «Мен команда құрамында боламын, достарым капитан Сэв (Северин Люти) және Стэнмен (Станислас Вавринка) бірге сәуір айында Қазақстанға қарсы ойнаймыз», — деп жазды Федерер өз твиттерінде. Швейцария құрамасы Сербияны 3-2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Федерер бұл сынға қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Сөйтіп қазақстандық теннисшілер 4 жылда үшінші рет жарыстың осындай деңгейіне шықты. Қазақстан құрамасымен арадағы ширек финалдық ойын Швейцарияда сәуірдің 4 мен 6 аралығында өт…

0
0
397

Зарина Дияс Қазақстан теннис федерациясымен келісім шартын үзген

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақ теннисшісі Зарина Дияс Қазақстан теннис федерациясымен келісім шартын үзгелі екі жыл болған. Бұл туралы ол vesti.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен екі жылдан бері Қазақстан теннис федерациясымен (ҚТФ) келісім шартта емеспін», — деді теннисші.
Демек, Зарина Диястың халықаралық жарыстарға қатысуын Қазақстан теннис федерациясы қаржыландырмайды.
ҚТФ қаржыландыратын теннисшілер қатарына Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев кіреді. Бұл спортшылардың барлығы Ресейден келген, деп жазады alaman.kz.

0
0
248

Қызылордалықтардың шайбалы хоккей саңлақтары атануы ғажап емес

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылордалықтар үшін шайбалы хоккеймен кәсіби түрде айналысуға осы уақытқа дейін мүмкіндік болмай келген еді. Енді, міне таяуда қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылып, оған хоккейдің қыр-сырына қанық білікті бапкер Талғат Әкімжанов жетекшілік жасайтын болды. Ол 2006-2008 жылдары Алматы қаласының «Достық», 2009-2011 жылдары Астана қаласының «Барыс», 2011-2013 жылдары Ақтау қаласының «Каспий» және «Мұнайшы» хоккей клубтарында аға жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Т. Әкімжанов шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері. 1989 жылы жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы, 1991 жылы жасөспірімдер арасында ТМД елдерінің чемпионы, 1992-1994 жылдарда Өскемен қаласының «Торпедо-2», 1999-2004 жылдарда Астана қаласының «Барыс» командасында ойнаған болатын.…

0
0
635

Сочиде конькишi Кузин 1000 метрлiк қашықтықта бiрiншi келдi

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық конькишi Денис Кузин Сочиде өткен бақылау жарысының 1000 метрлiк сайысында алдына жан салған жоқ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол мың метрлiктi 1 минут 9,85 секунда жүгiрiп өттi. Екiншi орында Барт Свингс (1.10,97)  келдi. Мәренiң сызығын  үшінші болып ресейлiк Алексей Суворов (1.11,23) кестi.

25 жасар Кузин 1000 метрде 2013 жылдың әлем чемпионы екендiгiн еске саламыз.

Айта кетейiк, бұл күнi әйелдер арасында қазақстандық спортшы Екатерина Айдова осы қашықтықта екiншi (1.17,67) болды.

0
0
353

Алматыда «Астана Опера» театрының тұңғыш гастрөлі басталды

Егемен Қазақстан, 04.02.2014 Алматының мәдени өміріндегі айтулы оқиғаның бірі – «Астана Опера» театрының алғашқы гастрөлі болып тұр. Елордадағы ең еңселі өнер ордасының сыртқа сапары отандық мәдениеттің Меккесіндей болған Алматыдан басталуы да кездейсоқтық емес. Астаналық Опера театры шет мемлекеттерде ұлтымыздың атын шығарып, салтанат құрмас бұрын, осыдан 80 жыл бұрын Алматыда ұлттық опера және балет өнерінің уығын қадап, керегесін керген қазақтың бір кездегі айтулы ұл-қыздарының аруағына бас иіп, батасын алуды жөн санапты. Мына ғажап сәйкестікті қараңыз, бір күн артық-кемі жоқ, тура сегіз ай бұрын «Астана Опера» театрын құру туралы құжатқа қол қойылған. Ал алдағы күндері Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театры 80 жылдығын атап өткелі отыр. Сондықтан да…

0
0
743

Жаңа Қазақстандық Патриотизм: Тараз гарнизонының тәрбиешілері Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бүкіл елімізбен бірге Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзір. Мемлекет басшысының «Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін» деген сөзі әрбір офицерге жақын әрі түсінікті. Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау 28209 әскери бөлімінің базасында өткен Тараз гарнизоны әскери бөлімдері тәрбие құрылымдарының өкілдерінің жиыны барысындағы сұхбаттар мен дәрістердің бастапқы нүктесіне айналды. Тәрбиешілер Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негіздерін талқылап, Отан қорғаушылар үшін Отанымызға деген сүйіспеншіліктің басты құнды…

0
0
572

Дәріс 3. «Тұтынушылық несиені пайдалануың сенің патриот емес екеніңнің негізгі дәлелі».

Тұтынушылық несие? Бұл несиенің түрін адамдар өз қажеттілігіне арнап тұтынады. Мысалы: көлік, қымбат жиһаз, электроникалық тұрмысқа қажетті техникалар. Тұтынушылық несиенің бізді тығырыққа апарары сөзсіз! Себеп 1. Қайтарымсыз. Бұл заттар тозады, пайда әкелмейді. Себеп 2. Бұл заттардың көп бөлігін біз отанымызда өндірмейміз. Шетелден келеді. Яғни ақша шетелге кетеді. Қысқасы, басқа елді патриоттарымыз. Себеп 3. Бізге доллар, мұнай арқылы келеді, және банктер арқылы. Банктер келген долларды шетелдік заттар сатып алуға несиеге береді. Ұсыныс: Келген долларды көбейтудің жалғыз жолы, өндіріске инвестиция ретінде құю. Екіншіден, Елбасының айтқанына құлақ түретін болса, Ұлттық банк пен үкімет екінші деңгейлі банктерге шектеу қою керек. Тұтынушылық несиенің пайызын көтеріп, жауапкершілігін көбейт…

0
0
706

Дәріс 2. «Ұлтшылдықтың шектен асуы — экономиканың дамуына кері әсер»

Мысал #1. Қазақстанда, осы жылдан бастап еңбек мигранттарына салық салынатын болды. Нақтырақ айтсақ, өзбекстан, қырғызстан, және тәжікстан елдерінің азаматтарына. Себебі, ең негізгі шетелдік арзан еңбек күші осы елдің азаматтарының қолында. Жылына 44 448 теңге. Мысал #2. Жақында Өзбекстанның қарақалпақ өңірінен келген еңбек мигранты бір қазақстандық азаматта жұмыс жасап жатты. Қазақстандық азамат қарақалпақ елінен келген азаматқа ұлтшылдықтың көрінісінің нағыз лас түрін көрсеткен. Яғни, жұмыс істету кезінде жұмысшы ретінде емес, сен бізден төменсің, сен қарақалпақсың деген пиғылда. Ары қарай қозғамайын... Мысал #3. ...Енді тарихқа үңілейік. Әлемде «ұлтшылдықтың» нағыз сипатын көрсеткен мемлекет немістер, басшысы Гитлер. Бұлардан артық ешкім жасай алмады. Дәл сол кезде олардың іс-әрекеті ә…

0
2
484

Қарағанды облысында 12 жүк көлігінің заңсыз жолмен әкелінгені анықталды

Хабар (ТВ): 01.02.2014 Қарағанды облысында жедел іздестіру шаралары барысында жалпы құны 43 млн теңгеден астам қаражатқа Volvo және DAF маркалы 12 дана жүк көлігінің заңсыз әкілінгені анықталды. Тексерістер барысында жүк көліктерінің тіркеуі тұрғылықты мекенжайы жоқ 58 жастағы азаматтың атынан іске асырылған. Сондай-ақ, автокөлік құралдары Абай ауданы ішкі істер басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінде Кедендік одақ елдері құжаттарының негізінде тіркелген. Алайда, автокөліктердің кедендік рәсімдеуі Қазақстанда да, Ресей мен Беларусьте де жүзеге асырылмағандығы анықталды. Осылайша, мемлекет қазынасы 100 млн теңгеге шығынға батты. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық прокуратураға жөнелтілді. Ал, Абай аудандық ішкі істер басқармасының лауазымды тұлғалары қылмысқа қа…

0
0
441

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нәзік жандардың алар орны ерекше. Қайраттылықты қанат етіп, ауыр да жауапты жұмыс атқарып жүрген қазақ қыздарына қарап, қайран қаласың. Ерлерге бергісіз еңбек етіп, әйел затының ақылына көркі сай екенін іспен дәлелдеп жүрген қарлығаштарымыздың қатары күн санап артуда. Міне, көңілге қуаныш ұялататыны да осы. Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен атқарып жүрген осындай ай қабақ аруларымыздың бірі – полиция полковнигі Сәуле Андағұлова. Әке жолын жалғастырып, саналы өмірін осы салаға арнаған Сәуле Тыныштыққызы облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Ол бала кезінде әкесінің еңбегіне еліктеп, өскенде әскери адам болсам деп армандайды екен. Ақыры алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, қазірде қатар…

0
0
1124