Мазмұнға өту

Жаңа

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік ететін ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонының әскери қызметшілеріне Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді. Әскери бөлім командирлері, әскери оқу орындары мен мекеме бастықтары Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Жолдауын талқылады.

– Мемлекет басшысының Жолдауы – стратегиялық құжат, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын нақты тапсырмалардан тұратын бағдарлама. Еліміздің кез келген азаматы еңбегімен, жұмыстағы тәжірибесімен тәуелсіз елдің гүлденуіне өз үлесін қосуы керек, -  деп атап өтті топ жетекшісі.

Алдағы күндері ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, Қарулы Күштермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерін пысықтайды. Сондай-ақ, олар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, олардың отбасыларымен танысады.

Топ құрамындағы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі әскери бөлімдер мен оқу орындарында болып, өз өнерлерін көрсетеді.

Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған топтың Алматы гарнизонындағы жұмысы 8 ақпанға дейін жалғасатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
420

Кеден комитетінде кадрлық орын ауыстырулар жасалды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығының басшысы лауазымына Байдұлда Жақпекұлы Шалабаев тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін ол Комитеттің Кадр жұмыс басқармасының басшысы лауазымында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Комитеттің Кадр жұмысы басқармасының басшысы лауазымына Талап Сейітханұлы Сахтапов тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін ол Комитеттің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы лауазымында болды.

ҚР ҚМ КБК Баспасөз қызметі

 
0
0
379

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты

2014 жылдың 4 ақпанында ҚР қоршаған  орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысып, онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген міндеттер туралы мәлімдеді.
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдау жасап, стратегиялық дамуымыз бен 30 дамыған мемлекеттер санатына қосылу мақсаттарына жету жолдарын айқындады.

2014 жылдың 4 ақпанында ҚР қоршаған  орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысып, онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген міндеттер туралы мәлімдеді.
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдау жасап, стратегиялық дамуымыз бен 30 дамыған мемлекеттер санатына қосылу мақсаттарына жету жолдарын айқындады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-50/

0
0
299

Қазiргi жолдар электромобильдердi қолдануға мүмкiндiк бермейдi – Н.Қаппаров

BNews.kz  Қазiргi жолдардың инфрақұрылымы электромобильдердi қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-47/

0
0
282

Назарбаев Университетiнде болашақ энергиясын зерттеу орталығын құру жоспарлануда

BNews.kz Назарбаев Университетi базасында болашақ энергиясын зерттеу орталығын құру жоспарлануда. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-46/

0
0
341

Н. Қаппаров: ЭКСПО-2017 барлық өңірдегі «жасыл» экономиканың қозғаушы күшіне айналады

ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесінің өткізілуі «жасыл» экономиканың барлық өңірлеріндегі қозғаушы күшіне айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
«Біз мамыр айында ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын бастайтын боламыз. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық стратегия елдің ішінде де де, шекарадан тыс та ұйымдастырылып жатыр. Біз ЭКСПО кезінде қатысушылардың санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз қажет», – деді Нұрлан Қаппаров.

ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесінің өткізілуі «жасыл» экономиканың барлық өңірлеріндегі қозғаушы күшіне айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

«Біз мамыр айында ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын бастайтын боламыз. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық стратегия елдің ішінде де де, шекарадан тыс та ұйымдастырылып жатыр. Біз ЭКСПО кезінде қатысушылардың санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз қажет», – деді Нұрлан Қаппаров.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-45/

0
0
450

Зұқа батырдың немересі Австриядағы аз қазаққа бас болып жүр

АСТАНА. 6 қараша. BAQ.KZ – Абдулқайюм Кесижи басқарып отырған Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының құрамына Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария елдеріндегі Қазақ қоғамдары кіреді. Соның ішінде Австриядағы Вена қаласында 160-қа жуық қандасымыз өмір сүріп келеді.


Бұл күнде Австриядағы Қазақ қоғамын Орталық Азияның «Робингуды» атанған Зұқа батыр Сәбитұлының немересі Осман Кожігіт басқарып отыр.
Австриядағы Қазақ қоғамымен танысу үшін Осман ағамызға хабарластық. «Қоғамымыз Еуропадағы Қазақ қоғамдарымен бірге Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы (FEKA) арқылы Қазақстандағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланыста болып отырады. Қазір Австрияның Вена қаласында 27 қазақ отбасы бар. Қазақстаннан осында оқуға келген студенттерді қосқанда санымыз 160-қа жетіп отыр», -дейді қандасымыз. 
Австриядағы қазақ диаспорасының қалай қалыптасқаны жайлы сұрағымызға жауап берген Осман Кожігіт: «Біз Абақ Керей руынан шыққанбыз. Атам Зұқа қажының кіндік қаны тамған жер Қазақстандағы Марқакөл маңы екен. Кейін Қытай жаққа өткен бабаларымыз соғыстың себебінен Гималай тауын асып, Үндістан арқылы Түркияға жетіпті»,-деп қысқа қайырды.

 


Вена қаласында тұратын қандасымыз бұл күнде үш бала тәрбиелеп отыр екен. Жұбайы Жұлдыз Қазақстандағы Жамбыл облысы Мерке ауданының тумасы болып шықты. Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінде түрік тілінен сабақ берген жұбайымен 2000 жылы Зуқа батырдың 130 жылдық асы кезінде Атажұртта жүріп танысып, үйленген екен.

 

Автор: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
0
0
1031

Қытайда Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамы құрылды

ҮРІМЖІ. 5 қараша. BAQ.KZ – Жақында ШҰАР Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамы Үрімжіде құрылды. Күнлүн қонақ үйінің конференция залында Қоғамның ашылу салтанатымен қоса тұңғыш реткі мәжілісі де қоса өтті,- деп хабарлайды «Шыңжаң» газетінің тілшісі Қалиәкбар Үсемқанұлы.


Қазіргі таңда Қытайдағы қазақ емшілігі жемісті жетістіктерге жетіп, дәстүрлі қазақ емшілігін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді. Шыңжаң Оқу ағарту комитеті мен денсаулық комитетінің ұйғарымымен 2010 жылдан бері Қазақ емшілігі колледждерде арнайы мамандық ретінде оқытыла бастаған екен. Арнайы курстық мектептерде де оқытыла бастаған Қазақ емшілігі мамандығында бұл күнде 300-ден астам шәкірттер тәрбиеленуде.

Қазақ емшілігін зерттеп жүрген мамандар мен зерттеушілер тарапынан оқу құралдары құрастырылумен қатар, төрт томды «Қазақ дәрігерлік шежіресі», қазақ және қытай тілдеріндегі «Қазақ емшілігі» кітаптары және «Шыңжаң Алтай тау сілемдеріндегі жабайы өсімдіктер» атты альбом жарық көрді.

«Нарықталғы», «Ішкі айықтырғы», «Қаптек сырқатнама» қатарлы 9 бөлімді оқулық құрастырылып Қазақ емшілігі жоғары оқу орындарында оқытыла бастады.

5 түрлі қазақы емшілікпен емдеу әдісін Қытай мемлекеті тарапынан қорғалатын заттық емес мәдени мұра қатарына енгізу өтініші де жасалып қойған. Бұның ішінде бұлау, оташылық, бөбектерді маймен сылау, денсаулық қорғау әдісі қатарлы 3 түрлі ерекше емдеу Шыңжаң өлкелік заттық емес мәдени мұралардың қатарында.

Қытайдағы қазақ емшілігінің бүгіні мен ертеңі жайлы жан-жақты талқы өткен жиналыста Іле қазақ автономиялы облыстық Денсаулық сақтау комитетінің бастығы Болат Жақыпұлы қоғамның басшысы болып тағайындалса, Шыңжаң медицина университетінің профессоры орталықтың орынбасарлығы міндетін атқаратын болды.

   

BAQ.KZ

0
0
1241

Түркия қазақтарына бас болған ақсақал

АСТАНА. 5 қараша. BAQ.KZ – Дәлелхан Жаңалтай Түркиядағы қандастарымыздың көшбасшысы болған кісі. Ол Қытай Халық Республикасы Парламентінің және Тайвань Парламентінің депутаты болған. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының мүшесі болған Дәлелхан Жаңалтай Жaнымxaнұлын 2001 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 10 жылдығы медалімен марапаттайды.


 

Қазақстанның «Парасат» орденін кеудесіне таққан қарт 1922 жылы 15 маусымда Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Алтай аймағының Өрмегейті жайлауында дүниеге келген. 1940 жылы Шыңжаң өлкелік «Қaзaқ-Қырғыз» құрылтaйының Aлтaй aймaғы бөлiмiнде құрылтaй өкiлi болып қызмет iстеген. 1945 жылдың бaсындa Шынжaң Үкіметінің бaстығы У Жу Шидың нұсқaуы бойыншa тыныштық орнaту үшiн комиссия мүшесi болып Aлтaйғa бaрады. Сондaй-aқ, сол жылы солтүстiк-бaтыс әскери-сaяси және әкiмшiлiк мекемесiнiң Шынжaң бөлiмiнде генерaл Жaң Же Жуң және Үрiмжiде генерaл Лу Миң Чуңның қaрaмaғындa полковник дәрежесiнде қызмет aтқaрады.
1948 Жылы елдiң пaрлaмент мүшесi ретiнде Нaнжиң қaлaсындa өткiзiлген Қытaй мемлекет бaстығын сaйлaу құрылтaйынa xaлық өкiлi болып қaтынaсқан ол Түркияғa келгеннен кейiн түрлi қоғaмдық iстерге де араласты. Дәлелхан ақсақал Түркия қазақтарының Тaйвaньмен қaрым-қaтынaсын нығaйтып 1971-78 жылдaры aрaлығындa 30-ға жуық баланы Тaйвaньғa білім алуға жолдaды. 1972 жылы Ыстaмбұл қaлaсының Гүнешлi ayдaнындa «Қaзaқ Кент» ayылын құру aлқaсының бaстығы болады. Ол, 1992 жылы Қaзaқстaн Республикaсы Президентi Нұрсұлтaн Нaзaрбaевтың шaқыруы бойыншa Aлмaтыдa болғaн Дүниежүзi қaзaқтaрының тұңғыш құрылтaйынa қaтысып, қaуымдaстық төрaлқaсының мүшесi болады. Бұл қызметтi 2002 жылы Түркiстaн қaлaсындa өткiзiлген екiншi құрылтaйғa дейiн жaлғaстырды. 
Жаңалтай Жaнымxaнұлының «Қилы зaмaн-қиын күндер» атты еңбегі осы Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығы жағынан жарық көрген болатын. Д.Жaңaлтaй қaсиеттi Құрaн кәрiм кітабының қaзaқ тiлiне aудaрылуында сaрaпшы болды. Ана тiлі - қaзaқ тілінен басқа, aрaб, қытaй, орыс, aғылшын, үрду және түрік тiлдерiн жетік білген Жаңалтай Жaнымxaнұлы биылғы жылдың қаңтар айында 90 жасында бақилық болды.

 

BAQ.KZ

0
0
1292