Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық
Таңертең міндетті түрде тамақтануды асқазаным ауырғалы күн тәртібіне айналдырғанмын. Қызымның да ботқаларды сүйіп жейтініне қуанамын. Бүгін сұлы жайында жақсы бір бейнені көріп, қызық мәліметтерді оқыдым.Түсінгенім бойынша, сұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен. Сұлы - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Ішек-қарын жолын ынталандырып, гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын теже…