Рухани байып қайтыңыз!
Құрметті әріптестер! Сіздерді, 2014 жылдың 10 ақпаны күні өтетін«Айдаһар премиум» студиясының жетекшісі, «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, бірнеше халықаралық фотобайқаулардың лауреаты фотограф Оңғарбек Алхаровтың«Өмірге өнер көзімен» атты жеке фотокөрмесіне шақырамыз!!! Тек 1 күнге ғана созылатын фотокөрмеге фотограф шығармашылығынан ең үздік туындылары қойылады.
Адамның өмір сапарында сәулелі сәттер мен жарқын көріністер фотоаппарат деп аталатын құралдың көмегімен жадымызда мәңгі сақталады. Бүгінгі суреттер ертеңгі тарих. Кемел елдің келешек ұрпағына қалдыратын мұра қанша келелі кезеңнен өтсе де ескірмеуі заңдылық. Сол тарихты жасау жолында фотограф мамандардың да атқаратын рөлі ерекше. Өйткені суреттер де сөйлейді, олар да белгілі бір дүниеден сыр шертеді, бір оқиғаны баяндайды. Ал сол суреттеді жасайтын мамандардың , яғна қолына арнайы құрылғы ұстаған фотографтарға көпшілік хобби болмаса кәсіптің түрі деп қарайтыны да рас. Обьективтен әдемілікті көріп, сезіп қана қоймай бейнені шеберлікпен түсіріп алу тек қана мамандардың қолынан келетінін көрсету, сонымен қатар өзіңнің маңдай терің мен өнеріңді өзгенің өміріне қуаныш сыйлайтын фотограф маманның шығармашылығымен жұртшылықты таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отырған көрмеге Оңғарбек Алхаровтың шығармашылығынан 20 дан астам үздік туындылар көрермен назарына ұсынылатын болады. Көрері мен берері көп көрмеден сыйлық алып қайтуға асығыңыздар!!!
Фотокөрме Алматы қаласында, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясының залында өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, басталуы: сағ. 16:00-де
Алдымен хабарландыруды көзіңізге шалдырайын. Барыңыз, көріңіз, сусындаңыз.
Шынымды айтайын, мен бұл кісі жайында естігенім болмаса, туындыларын көрмеген ем. Көрме өткізуінде бір мән барын сезіп, мәлімет іздестіргем. Іздестіру нәтижесінде көрсең көз тоймайтын біраз дүниелерді көріп, бір марқайып қалдым. Той фотографы деп айтады екен, десе де "Бақытты" жандардың бақытты бейнесінің қас-қағым сәтін тура табуда Оңғарбек Алхаровтай мамандар аса көп емес. Ендеше, назарларыңызға мына суреттерді ұсынғым келеді:






Көрдіңіз бе? Қандай шебер туындылар? Сіз де келіңіз! Бірге тамашалайық!
P.S: Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл өнер туындысының оңай жолмес келмейтінін баршамыз білеміз. Мына видеоны қарап, өнер туындыларының өмірге келуін көрсеңіз болады:
