Ақыл-көркі-тіл
Бүгін ашып отырған тақырыбымның бірі - Қазақ тілі туралы болмақ. Қаншама қазақтың ұлы ойшылары мен қайраткерлері, танымал тұлғалар Ана тілі, Қазақ тілі туралы жазылған ой- пікірлері мен тілге деген сүйіспеншілігі, ұлттық рухты, ұлттық намысты көтеретін сөзбен жазылған талай мақал-мәтелдер, өлен сөздер бар! Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. деген Сұлтанмахмұт Торайғыр. Ал В.И Ленин Біз ұлтық тілді игеру арқылы мәдениетті адам бола аламыз деп айтқан. Қазақ елімізде, жерімізде қанашама қазақ болса да, сол қазақтардың жартысынан көбі орысша сөйлеп журеді. Әрине орыс тілін де жетік білгені де өте қуанышты жайт, өйткені шыны керек халықтың білімді, мәдениетті, жан-жақты көз қарасымыздың дамуы осы тілді…