Мазмұнға өту

Жаңа

Үй + мобильді интернет жиынтығы = тиімді шешім!

Достар! «Қазақтелеком» мен «АЛТЕЛ» бірлесіп, үй (iD Net/Megaline) және мобильді (ALTEL 4G) интернет қызметтерінің жиынтығын ұсынады. Абоненттерге таңдау бойынша Интернет желісіне тіркелген және мобильді қатынау арқылы пакеттік шешімдердің әртүрлі түрлері ұсынылады, сондай-ақ пакетке басқа да қызметтер енгізілуі мүмкін: интерактивті сандық теледидар (iD TV), қазіргі заманғы SIP телефония (iD Phone нөмірі) және Қазақстан Республикасы бойынша лимитсіз сөйлесулер. Бірыңғай қызметтер пакеті компания абоненттерін үйде «ауыр» контентке (бейнересурстар) сапалы жоғары жылдамдықты қатынаумен, жолда және қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана, СОСО) жедел серфингпен қамтамасыз етеді. «Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша,Интернетжелісіне тіркелг…

0
0
949

Браконьерді ұстау тұралы ақпарат

2014 жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысының Сырдария ауданы аумағындағы газ құбырының бойында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізіп жатқан жедел топтың инспекторлары «УАЗ» маркалы автокөлікті мінген облыс орталығының 2 тұрғынын тексерді.
Тексеру нәтижесінде 12 калибрлі «МР-153» маркалы мылтық, 7 оқ-дәрі, 4 атылған киік (3 аталық, 1 аналық) табылып, тәркіленді.

2014 жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысының Сырдария ауданы аумағындағы газ құбырының бойында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізіп жатқан жедел топтың инспекторлары «УАЗ» маркалы автокөлікті мінген облыс орталығының 2 тұрғынын тексерді.
Тексеру нәтижесінде 12 калибрлі «МР-153» маркалы мылтық, 7 оқ-дәрі, 4 атылған киік (3 аталық, 1 аналық) табылып, тәркіленді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-69/

0
0
239

Башқұртстан мен Солтүстік Осетияда Ақтаудың мәдениет күндері өтеді

ҚазАқпарат, 13.02.2014

«Бір шаңырақ астында» атты этномәдени жобасы өз географиясын кеңейтуде, дейді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жанбыршин.

«Өткен жылы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде 15 шара өтті. Оған Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Украина және Армения елдерінің Қазақстандағы елшілері мен өкілдері қатысты. Ағымдағы жылы жобаның географиялық ауқымын кеңейтіп, Башқұртстанның Ишимбай ауданы мен Солтүстік Осетияда Ақтау қаласының мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр», - деді қала әкімі.

0
0
487

Олимпиаданың медальдік есебінің көшбасшылары, 6-күн

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардың алтыншы күні аяқталды.

Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындардың ресми сайтында хабарланғанындай, 13 ақпандағы жарыстардың қорытындысымен: бірінші орынға 10 медальмен (7 алтын, 2 күміс, 1 қола) Германия жайғасты, екінші орында — 10 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) канадалықтар, үшінші орынға — 13 медальмен (4 алтын, 3 күміс, 6 қола марапат) норвегиялықтар, төртінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 3 күміс және 5 қола марапат) голландтықтар, бесінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола марапат) АҚШ құрамасы ие болды. Ақ Олимпиада-2014 қожайындары — Ресей 11 медальмен (2 алтын, 5 күміс марапат, 4 қола) жетінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасында — әзірге медальдар жоқ.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
349

Қазақстандықтардың 13 ақпандағы Олимпиададағы ойындарының қорытындылары

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі Олимпиадада 13 ақпанда қазақстандық спортшылар бес түрлі жарыстарға қатысты, деп хабарладыSports.kz. Сөреге алғашқы болып 10 шақырымдық қашықтыққа шаңғышылар шықты. Қазақстаннан оған Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасья Слонова қатысты. Ең жақсы нәтиже — 36-шы орынға табан тіреген Коломина ие болды, Слонова — 46-шы, Осипова 52-ші орынды қанағат тұтты. Шорт-тректен құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев бар Қазақстан командасы АҚШ, Оңтүстік Корея және Голландия өкілдерімен бірге 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалына қатысты. Жарыс қорытындысымен біздің шорт-трекшілер төрттікте голландиялықтарға ғана жол беріп, екінші орынды иеленіп, финалға шықты. Конькимен жүгіру спортында 1000 метрлік қашықтыққа әйелд…

0
0
275

Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 5 орында. Бүгін Сочиде күштілер ондығына кіретін спортшылардан қысқа бағдарламада Олимпиада мұз айдынына Теннен басқа тағы 6 мәнерлеп сырғанау шеберлері шығады, деп хабарлады Sports.kz. olympic.khabar.kz ақпаратына қарағанда, Денис Теннің атақты қарсыластарының арасында — әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған, 2013-2014 маусымдағы Гран при финалының жеңімпазы Юдзуру Ханю, үш мәрте әлем чемпионы Патрик Чан, Еуропа-2013 чемпионы, Әлем чемпионаты-2013 қола жүлдегері Хавьер Фернандес, Олимпиада-2010 қола жүлдегері Дайсукэ Такахаси, Тацуки Матида және Михал Бржезина бар. 1. Юдзуру Ханю (Жапония) — 4558 ұпай 2. Патрик Чан (Канада) — 4368 3. Хавьер Фернандес (Испания) -3903 ұпай 4. Дайсукэ…

0
0
409

Евгений Плющенко спорттық мансабын аяқтағанын ресми жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко бейсенбі күні Сочиде спорттық мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеді. Танымал спортшы жарақатына байланысты Олимпиаданың ерлер арасындағы жекелей турнирінен шығып қалғаннан кейін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Р-Спорт.

Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанауда қалатынын, шоуда өнер көрсететінін айтты, қазір спортшы жаңа  бағдарламасын әзірлеуде.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
294

Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық биатлоншы Ян Савиций 20 шақырымдық жекелей жарыста 20-шы болып келді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншылар 20 шақырымдық жекелей жарыста ойындарын аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиададан.

Ян Савицкий біздің спортшылар арасында басқалардан жақсырақ уақыт көрсетті — ол көшбасшыдан 2  минут 24,1 секунд кейін қалып, 52 минут нәтижемен 20-шы орынға шықты. Одан кейін Антон Пантов қашықтықты 52 минут 51,5 секундта еңсеріп, 27 орынға тұрақтады. Сергей Наумик 58 минут 03,2 секундтық нәтижемен 76-шы болып келді.

20 шақырымдық қашықтықта «алтынды» француз Мартен Фуркад, «күмісті» — Эрик Лессер, «қоланы» — Евгений Гараничев қоржынға салды.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
250