Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының МӘЛІМДЕМЕСІ

Соңғы күндері әртүрлі коммуникация құралдары арқылы (әлеуметтік желілерді қоса алғанда интернет-хабарламалар, СМС) «Центр Кредит» Банкі, «Каспи Банкі» және «Альянс банкінің» банкрот болу мүмкіндігі туралы ақпарат тарала бастағаны мәлім.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokuraturasynyn-mlimdemesi

0
0
335

Алматыда ТМД халықтары мәдениетінің фестивалі басталды

ҚазАқпарат, 18.02.2014 Алматыда ТМД халықтарының мәдениетінен сыр шертетін «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі басталды. Бұл шараны Алматы қаласының әкімдігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚБ бірлесе ұйымдастырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Беларусь мемлекетінің астанасы - Минск қаласында ТМД елдері басшыларының шешімімен Алматы қаласы ТМД аймағының мәдени астанасы ретінде жарияланған болатын. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба «Достастық елдерінің мәдени астанасы» мемлекетаралық бағдарламасының заңды жалғасы болмақ. Өткен аптада алматылықтарға Беларусь, Армения, Қазақстан, Ресей мәдениетінің өкілдері ән мен жырдан шашу шашып, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Күні бойы қала тұрғындары аталған халықтардың төл мәдени мұрасын тамашалауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар…

0
0
392

Құрметті табиғат пайдаланушылар! Парниктік газдар шығарындылары бар барлық кәсіпорындарға ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы есепті тапсыру қажеттілігі жөнінде ескертеміз

Құрметті табиғат пайдаланушылар!  Парниктік газдар шығарындылары бар барлық кәсіпорындарға ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы есепті тапсыру қажеттілігі жөнінде ескертеміз.  Квоталанатын кәсіпорындарға парниктік газдар шығарындыларына квота алу үшін құжаттарды ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсыну қажет, квота алу үшін өтініш бірден екі жылға – 2014-2015 жылдарға ұсынылады. Құжаттар құрамында талап етілетін түгендеу туралы есепті 2013 жылға қоса беру қажет.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-76/

0
0
364

ҚР Қорғаныс министрлігі Польшамен әскери ынтымақтастық туралы Жоспарға қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігі Польша Республикасының қорғаныс ведомствосымен 2014 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Аталған құжатта арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамын дайындау бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық әскери қызметшілердің Польша Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік және жедел даярлық іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екі елдің өзара іс-қимылдары қарастырылған. Бұл Қазақстан мен Польша Қорғаныс министрліктері арасында тұңғыш рет қол қойылып отырған ынтымақтастық жоспары екенін атап өткен жөн. Кездесуде қазақстандық тарапты ҚР Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков басқарды. Польша тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы Елшілігі жанындағы әскери атташ…

0
0
350

Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді, оның сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісінде GGG тобы келтірген.

Таяудағы жекпе-жек 26 сәуірде өтпек, ал тағы екі жекпе-жек жазға және күздің соңына қарай белгіленген. Алайда қарсыластардың аты-жөндері айтылмаған.

Бұған қосарымыз, осы кезге дейін Головкиннің 26 сәуірдегі қарсыласының есімі аталған жоқ.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Головкин WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 26 сәуірдегі кездесу Нью-Йоркте өтеді. Ол GGG үшін кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болмақ. Қазақстандық осы кезге дейін бірде-бір рет жеңілместен келеді, соның ішінде 26 рет қарсыласын нокаутқа жіберді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
295

Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 28 жасар қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Сочидегі Ақ Олимпиаданың 10 шақырымдық жарыс жолына шығып, 12-орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол бұл сайыста 13 минут 33,18 секунд көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, көшбасшыдан 48,73 секундқа қалып қойды. Барлық мінбеге голландық конькишілер мінді. 12 минут 44,45 секунд уақытымен  олимпиадалық рекордты жаңартқан Йорит Бергсма бірінші орын алса, Свен Крамер күміс жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір Голландия спортшысы Боб де Йонг үшінші орынға ие болды.

Бұның алдында Д.Бабенко 5000 метрлік қашықтықта 15-орын, 1500 метрлік сайыста 30-орынға табан тіреген болатын.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
341

Сочи Олимпиадасы: Инна Симонова 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады

СОЧИ. ҚазАқпарат — 23 жасар шорт-трекші Инна Симонова Сочи Олимпиадасында 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады.

Ол екінші төрттік құрамында Корея, Польша және АҚШ спортшыларымен бірге жарыс жолына шыққан болатын. Сайыстың орта тұсында америкалық Эмили Скотт пен польшалық Катерина Новотка бір-біріне соғылып құлап қалды. Иннаға екінші орын алып, келесі турға өту мүмкіндігі туды. Алайда жерлесімізді америкалық спортшы басып озып, мәреге екінші келді. Жартылай финалға кореялық Сын Хи Пак пен Эмили Скотт өтті.

Симонова Олимпиадада 500 және 1500 метр шақырымдық жарыстарға қатысқан болатын. Дегенмен ол сайыстарда жүлделі орынға іліккен жоқ.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
274

Плющенко келесі Олимпиадаға қатысуға бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жарақатына байланысты Сочи Олимпиадасындағы бәсекесін тоқтатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко спортқа қайта оралмақ ниетте.

«Қазір мен жарысты жалғастыруды ойлап жүрмін. Бесінші Олимпиадаға қатыспаймын деп үзілді-кесілді айтпаймын»,- деді Плющенко «Бірінші арна» эфирінде.

Еске сала кетсек, Плющенко жарақатына байланысты Олимпиададағы бәсекесін тоқтатқан  еді. Екі дүркін олимпиада жеңімпазы қысқа бағдарлама бойынша жарысқа шығар алдында арқасын жарақаттап алды. Сол күні ол өзінің спорттық мансабын аяқтағандығын мәлімдеген болатын.

Басты сөздер: Әлем
0
0
239

Сочи Олимпиадасы: Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін олар командалық спринтке қатысып, финалға жолдама алған. Батыс Қазақстан облысының тумасы 20 жастағы Айдар Бекжанов жарыс жолына бесінші болып шыққан. Ол мәреге үшінші болып жетті.

Ал 23 жастағы батысқазақстандық Нұрберген Жұмағазиев жарыс жолына  венгриялық, голландиялық және қытайлық спортшылармен бірге алтыншы болып шықты. Алайда Жұмағазиев бұл топта төртінші келді.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу сынынан өту үшін бірінші және екінші орындарға ие болу қажет еді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
418