Сочи-2014: Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орында
СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпараттың» тілшісі.
Онда екі қазақстандық спортшы Елена Хрусталева мен Дарья Усанова алты шақырымды жүріп өтіп, эстафетаны 7,5 шақырымда жалғастыратын Ян Савицкий мен Антон Пантовқа беру керек.
Алтын жүлдеге бұл сайыста норвегиялықтар ие болды. Күміс жүлдені чехтар иеленсе, қолаға итальяндықтар қол жеткізді.

