БАҚ-қа ақпарат
БАҚ-қа ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысында Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы туралы. Солтүстік Қазақстан облысында 19-20 ақпанда мемлекетіміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың басқаруымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.
Топ құрамына ауыл шаруашылығы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, индустрия, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және ақпарат, қаржы, өңірлік даму министрліктерінің, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, сондай-ақ Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдер кірді.
Републикалық ақпараттық-насихаттау тобы жұмысының аясында министрліктер мен ведомстволардың басшылары облыстың жұртшылығымен кездесті, облыс аудандарына шығып, азаматтарды қабылдады.
Қ. Қасымов халықпен кездесуінде сөз сөйлеуі кезінде биылғы Жолдаудың азаматтардың өмірін жыл сайынғы жақсартуға және жалпы ұлттық табыстарға кезең-кезеңмен қол жеткізу жоспарын ұсынатын «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға бағытталғандығын айтып өтті.
Ішкі істер министрі қазіргі заманғы даму кезеңіндегі Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы хабарлап, 2050 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарына, соның ішінде адами әлеуетті дамыту жолдарына толық тоқтала кетті.
Қ. Қасымов Мемлекет басшысының еліміздегі қауіпсіздікті және азаматтардың құқығын қылмыстық қолсұғушылықтан тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ішкі істер органдарын реформалау туралы айтып кетті.
Ведомство басшысы Қазақстан Президенті Жолдауында көрсеткен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына ерекше көңіл бөлді.
Қалмұханбет Қасымов СҚО жұмыс сапары барысында ҚР ІІМ Петропавл әскери институтының, СҚО ІІД және СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамымен кездесті, онда Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы ішкі істер органдарының міндеттері туралы айтты, Елбасы тапсырмалары, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін, адамдардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету ісіндегі полицейлер жұмысын жақсарту бойынша жүйелік жұмысты толық жариялады.
Өңірге келу барысында министр «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан филиалында жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдауда нақты қылмыстарды ашу, қызметке қайта қабылдау, зейнетақы төлемдерін көтеру және басқа мәселелерді шешуге қатысты сұрақтар қойылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз кызметі
