Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Масаёси Камохара мырзамен кездесті
Кездесу барысында Министр екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалады. Өз кезегінде Камохара мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, жапондық тарап Қазақстанның өңірдегі өсіп келе жатқан ролін және жапон компанияларының Қазақстанға қызығушылығын атап өтті.
