Каспийге қауіп бар ма?
Бүгін Каспий банк 2013 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Өткен жылға қорытынды жасап, соңғы күндері елді дүрліктірген мәселелер төңірегінде түсініктеме берді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша банктың капиталы 37% өсіп, 93 млрд теңгені құраған. Бұл жайлы Каспий банктың басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе мәлімдеді. Сондай-ақ, банктың таза табысы 2012 жылы 19 млрдқа жетсе, 2013 жылы 39 млрд теңгені құраған. Банктың өсу қарқынын осыдан аңғаруға болады. Мәслихатта сөз алған «Baring Vostok Capital Partners» компаниясының өкілі Майкл Калви бүгінгі каспий банктың миссиясына жоғары баға беріп, соңғы күндері болған мәселелер кез келген компанияның тарихында болатын қалыпты жағдай екенін де ескертті. Сонымен қатар, банкке қолдау ретінде 300 млн долар бөлетінін жеткізді. Ос…