Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елена Хрусталева келесі Қысқы олимпиадаға қатыспайды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері 2018 жылы Кореяның Пхенчхен қаласында өтетін 23-ші Қысқы олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы спортшы Сочиде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Мен келесі Олимпиадаға қатыспаймын. Тағы бір жыл Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Егер оған қатыспасам, командалық эстафетада дау шығуы мүмкін. Жалпы маған бұл спорт ұнайды, әлі де жарыстарға қатысқым келеді», — деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, бір жылдан соң спорттағы мансабын тоқтатқаннан кейін ол Қазақстан өңірлерінде балалар спортын дамытумен айналыспақшы. «Мен Ресейге кетпеймін. Қазақстанда қаламын. Өйткені мұнда біздің орнымызды басатын ешкім жоқ», — деп қосты ол.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
0
264

Осы тақырып бойынша

Елена Хрусталева келесі Қысқы олимпиадаға қатыспайды - Yvision.kz