Мазмұнға өту

Жаңа

Жыламашы құлыным

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Түн жамылып келеді,

Жұлдыздар жайнап.

Жарық, жұлдыз сөнбейді

Тұрмын, мен қарап.

 

Сұрақ қойдың, боташым,

Әкеміз, қайда?

Не айтайын, жұлдызым,

Мұндай жағдайда?

 

Жыламашы құлыным,

Әкеңді ойлап.

Сен есейіп өскенше,

Келер ол тойлап.

 

Бүгін көрсе, сендерді,

Әкең, өкінер.

Алыс жақта, жүріп ол,

Мүмкін, түсінер.

0
1
486

«Саламатты ұрпақ» жобасы Павлодар облысыныда жүзеге асуда!

Баянауыл ауданы бойынша 2014 жылғы 22 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының арасында бұқаралық спортты дамытуды және «Саламатты ұрпақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ш.Айманов атындағы мектеп гимназиясының спорт залында волейболдан аудан әкімінің ауыспалы кубогы ойнатылды. Жарысқа Майқайың кенті мен ауылдық округтердің және аудан орталығындағы мекемелерден, барлығы 16 команда қатысты. Аталған іс-шараны аудандық волейбол федерациясының президенті Даулетқалиев Абай Иксанұлы ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс соңында бірінші орынды Сәтбаев ауылдық округінің командасы иеленсе, екінші орынға Баянауыл ауылдық округінің командасы қол жеткізді. Үшінші орынды Торайғыр мен Жаңажол ауылдық округтері командалары өз ара бөлісті. Жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен…

0
0
636

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 25 ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, «Балықты» аң шаруашылығының аумағында бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен аталған аң шаруашылығының өкілдері заңсыз аңшылықпен айналасқан Орал қаласының тұрғынын құрықтады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-97/

0
0
264

Жайдарман. Жоғары лига. 1/8 финал. 2 күн

Конгресс-Холда ‪#‎Жайдарман‬ Жоғары Лига ойындарының 1/8 финалы. 2 күн

Ойынды Аграрка сарбаздары командасы бастады.

Қостанай құрамасы үнемі домбыраны насихаттап жүреді #Жайдарман

Тұңғыш Астана Қызылорда керемет әзілдерімен! #Жайдарман

Экспресс Ақтөбе домбырамен шықты сахнаға #Жайдарман

Жаснар Алматы командасы көрермендерді әбден күлдіртті #Жайдарман

Демеушіміз Болашақ командасында екі-ақ қыз қалған ба? Теледидардан көресіздер :) #Жайдарман

Сон Паскаль #Жайдарман ойнап жүр :)

0
0
2081

Жайдарман. Жоғары лига 1/8 финал

25 ақпан күні Астана қаласы, Конгресс-Холлда Жайдарман ойындарының 1/8 финалы болды.

6 команданын арасынан ең мықтылары іріктеліп, 1/4 финалға өтеді. #Жайдарман

Ақтөбенің "Абзал жандар" командасы бастады ойынды

Павлодар командасы өте жақсы өнер көрсетті.

Астананың #Күлтегін командасы - өте керемет команда. #Жайдарман

#КүлкіТерапиясы командасы да бұл жолы керемет дайындықпен келген.

#АЭСА командасы әрқашан өз стилінде :) #Жайдарман көрермендерін күлкіге қарық қылды

Оо, Ұлттық құрама! Әңгіме жоқ қо :) #Жайдарман

#Жайдарман-ның бірінші күні аяқталды.

0
0
1279

«Тоғыз мүмкіндік» тұсаукесер, 6-шы наурыз, 16:50-де!

Сіз қашан да өткен шаққа оралып, оны өзгерткіңіз келді ме?.. Хикаяның басты кейіпкері - танымалы жүргізуші Пак Сан У. Ол сұлу журналист қыз - Чжу Мин Ёнға ғашық. Оның жайбарақат және ойдағыдай өміріне алапат хабар келеді - ағасының ажалы...
Күтпеген жерден осы күндерді өзгерту үшін тағдыр оған өткен шаққа оралуына мүмкіндік сыйлайды. Ол онымен пайдаланып қала ма? Бар болғаны 9-ақ мүмкіндік ғана, қандай өткен-кеткенді Пак Сон У өзгертуді қалайды?

1
0
495

Сүйінші достар!!!

Жамбыл облысы, Тараз қаласында "Жаңа-Ру" жастар коалициясының жанынан "SANA" көшбасшылар мектебі қайта құрылды. Мектептің негізгі мақсаты жастарды шешендік өнерге баули отырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру. "Ел болам десен бесігіңді түзе" деген М.Әуезовтың сөзін негізгее ала отырып, жастарды тәрбиелеуге бағыт алатын болады. Мектептің басқа мектептерден айырмашылығы саьақтардың барлығы жаңа форматта, яғни тренинг, семинар, табиғатқа серуендеу, өлке тану мұражайларын аралау және т.б. іс-шаралар негізінде өтеді. Сабақты Республиамызға танымал белсенді азаматтар, ҮЕҰ көшбасшылары жүргізеді. Көшбасшылар мектебінің ашылу салтанаты 10 нарыз 2014 жылы өткізіледі. Оға дейін жастарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 1 наурыз 2014 жылы сағат 12.30 - 15.00 аралығында №54 орта мектеп…

1
0
352