Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

 

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентіннің Қазақстан халқына Жолдауын  түсіндіру бойынша Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы сапары барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов халықпен өзара жақындасу мақсатында «Нұр Отан» партиясының  қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Оған 12 ақтөбелік келіп, өздерін мазалаған сұрақтарды қойды. Комитет төрағасына  сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін талқылады, жеке куәліктерді алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелер сөз болды. Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынатын болады. Кейбір мәселелер бойынша нақты түсіндірілді. Сондай-ақ қала тұрғыны  ақпан айының ортасында  өзіне қатысты жасалған қарақшылық шабуылды Зауыт Пб-нің жедел уәкілдері  қысқа мерзімде ашып, көмек көрсеткен жедел уәкілдерге алғысын білдіріп, барлық тәртіп сақшыларына денсаулық пен жұмыстарына табыс тіледі.

Іссапар барысында Ж.Сүлейменов сондай-ақ облыстың Темір және Байғанин аудандарында болды.

Байғанин ауданында болған кездесуде аудан тұрғындары елордалық полковникке Ақтөбе-Атырау тас жолының 137 шақырымын жөндеу бойынша мәселелерді көтерді, бүгінде бұл аудан тұрғындарын мазалаған өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті.

Сүлейменов өз кезегінде автожолды жөндеу мәселесі бойынша азаматтардың өтініші Көлік және коммуникация министрлігіне  және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетінін, ал оны қарау барысы бақылауға алынатынын айтты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ауылдық учаскелік полиция инспекторларын автокөлікпен нығайтуды сұрады, себебі аудан Ақтөбе облысында аумағы бойынша екінші орын алады.

Насихат тобы Темір ауданында да болып қайтты, онда ауданның 300-ден астам тұрғынымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуден кейін Ж.Сүлейменов азаматтарды қабылдады, онда ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңқияқта салу жоспарланған КТУ-дың  құрылысын аудан орталығы Шұбарқұдықта салуды қарастыруды өтінді. Жергілікті «Іскерлер әйелдер клубының»  жетекшісі құрылысы 2015 жылға жоспарланған  балалар бақшасын биыл бастау мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Сүлейменов өтініш иелеріне аудан тұрғындарының тілек-арыздарын құзыретті органдарға жіберетінін және міндетті түрде қаралып, мүмкіндігінше іске асырылатынын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі

 
0
0
424

Осы тақырып бойынша

БАҚ үшін ақпарат - Yvision.kz