Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті.

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті. «BNews.kz», 04.03.2014ж.
Батыс Қазақстан облысында «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға жоғары оқу орындары студенттері қатысқан.

Олар адамдар неғұрлым көп жиналатын орындарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыратын үгіт-насихаттық материалдар таратты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаяу жүргіншілерге қатысты 732 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың 62-сі жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге толтырылды»,- деп көрсетті баспасөз қызметі.

 
0
0
401

Осы тақырып бойынша

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті. - Yvision.kz