Мазмұнға өту

Жаңа

Біз Megaline Hit Optima трафигінің көлемін екі есе арттырамыз

Достар, бізде тамаша жаңалық бар. Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік қызметін одан әрі дамыту мақсатында, 2014-жылдың 1-наурызынан бастап біз Megaline Hit Optima-ның тарифтік жоспарына өзгеріс енгіземіз. Аталған тарифтік жоспар (ТЖ) бойынша сыртқы Интернет-ресурстары трафигінің көлемі 10-нан 20 Гбайт дейін екі есеге, ай сайынғы төлем ақысы өзгерместен, өсіріледі.

0
0
418

2013 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алқа отырысы өтті

Алқа отырысы күн тәртібінде белгіленген негізгі мәселелерді талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалары және кешегі Қаржы министрлігі Алқасында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі анықтаған міндеттер контексінде өтті. 2013 жылғы 12 ай ішінде кеден органдары бюджет кірісіне 1 трлн. 339,5 млрд. теңге сомасына КТмС түсуін қамтамасыз етті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 192,6 млрд. теңгеге немесе 16,8% артық аударылды. Республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу үлесі 37,0% құрады. Посткедендік бақылау нәтижесі бойынша қосымша 16 млрд. теңге есептелді, олардың 6 млрд.теңге кедендік төлемдер мен салықтары бюджет кірісіне өндірілді. Сондай-ақ Алқада кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың…

0
0
562

Болашақ десантшылар парашютпен секірді

Құрлық әскерлерінің әскери институтында десант әскерлері мен әскери барлау мамандығы бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4-курстың курсанттары әскери-көліктік ұшақтан парашютпен секірді. Бұл болашақ десантшылардың жиырма үшінші секіруі. Курсанттар секіру алдында әуе-десанттық кешенінде ұшаққа орналасудан жерге қонуға дейінгі өздерінің әрбір іс-қимылын пысықтады. - Әрбір секіру алдында біз тренажерларда түрлі жаттығуларды қайталап, парашюттерді жинау жөнінен және әуе-десанттық даярлық бойынша оқытушыларымызға нормативтер тапсырамыз. Біз әуедегі кез-келген жағдайға әзір болып, жедел шешім қабылдай алуымыз керек, - дейді 4-курс курсанты Әлжан Бірліков. Тактика кафедрасының әуе-десанттық даярлық жөніндегі аға оқытушысы полковник Алексей Никитиннің айтуынша шекті жағдай желдің секундына жет…

0
0
525

Плющенко: Ковтун Олимпиадада Денис Тенге қарсы тұра алмас еді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко оның жас отандасы Максим Ковтун Олимпиаданың қола медалі үшін Денис Тенмен тең дәрежеде таласа алмас еді деп санайды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

«Ковтунда қола медаль? Бұл не сөз? Болжам жасайтын адамдарды түсінбеймін. Тіпті сол «мамандар» тіпті спортттан алыс тұрған адамдар. Ковтун бар болғаны 8-10 орындардан көрінер еді. Ең жақсы өнерін салып жатса, 6-орыннан көрінетін деп есептеймін», — дейді Е.Плющенко «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Плющенко Сочи Олимпиадасында командалық жарыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен жекелей сынға жарақатқа байланысты шыққан жоқ. Негізі бұның алдында Ресей чемпионатын жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған Максим Ковтун болатын. Алайда арнайы комиссия Плющенконы жіберуді шешті.

0
0
326

Хоккейшілеріміз бір саты төмен сырғыды

Сочи Олимпиадасынан кейін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы бүкіләлемдік рейтингті қайта түзді. Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа рейтингте бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа рейтинг 2014 жылғы Олимпиада ойындары мен соңғы төрт әлем чемпионатының (2010-2013 жж.) қорытындылары негізінде түзілген. Енді бұл рейтинг мамыр айындағы әлем чемпионатынан кейін қайта жаңартылады. Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бір саты сырғып, 17-орынға орналасты. Біздің хоккейшілерді 16-орыннан ығыстырған – Словения құрамасы. Олар Сочи Олимпиадасында тәп-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті. 12 команданың ішінде 5-8 орындарды бөліскен төрт құраманың бірі болды. Біздің құраманың жаңа түзілген бүкіләлемдік рейтингтегі ұпайы – 2900. Словения 17-орыннан…

0
0
425

Додаға түсер қарсыластарымыз – «Динамо» мен «Дизель»

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды, деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Биыл Қарағандының «Сарыарқасы» ЖХЛ-да (Жоғары хоккей лигасында) 4-орынға ие болды. Кеншілер клубы 50 ойыннан 95 ұпай еншіледі. «Сарыарқаның» алдын Нефтекамскінің «Торосы» (50 ойын, 100 ұпай), Пермнің «Молот-Прикамьесі» (50, 98) және Тюменнің «Рубині» (50, 98). Ал Өскенемннің «Қазцинк-Торпедосы» 50 ойыннан 82 ұпай жинап, 11-орынмен шектелді. Шығысқазақстандықтар маусымды тәп-тәуір бастағандарымен, былтырғыдай соңғы ойындарын сүреңсіз өткізіп, төмен сырғып кетті. Енді ЖХЛ біріншілігінің 16 үздік командасы (бұл лигада барлығы 26 команда бақ сынғана) плей-офф жүйесімен «Братина» кубогын сарапқа салады. Олар біріншіліктің…

0
0
441

Сочи Олимпиадасының үздік спортшылары анықталды

Халықаралық спорт журналистерінің қауымдастығы (AIPS) Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың үздік спортшыларын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Олимпиада ойындарының үздік ер спортшысы болып 28 пайыз дауыс көрсеткішімен норвегиялық биатлоншы Оле-Эйнар Бьорндален атанды. Ол қысқы ойындар барысында екі алтын жеңіп алған. Екінші орында үш алтын және бір қола медаль иемденген ресейлік шорт-трекші Виктор Ан орналасқан. Бұл спортшыға қауымдастық журналистерінің 27 пайызы дауыс берген. Үшінші орында екі алтын және бір күміс еншілеген француз Мартен Фуркад. Мартинге журналистердің 12 пайызы дауыс беріпті. Сочи Олимпиадасында үш алтын медаль алған Дарья Домрачева 45 пайыз дауыспен әйелдер арасындағы үздік спортшы атаныпты. Екінші орында словениялық тау шаңғы…

0
0
295

«Барыс» Мәскеу түбінде ұтылды

Сочи Олимиадасы кезінде үзіліс алған Құрлықтық хоккей лигасының ойындары қайта жалғасты. Өкінішке қарай, Астананың «Барысы» осы үзілістен кейінгі алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бір айға жуық үзілістен кейін ҚХЛ додасы аясында «Атланта» (Мәскеу облысы) хоккейшілерімен кездескен «Барыс» түзде 1:5 есебімен оңбай ұтылып қалды. Ойынның 8-ші минутында-ақ айдын иелері екі шайба айырмасымен алға шықты. Рас, осыдан кейін астаналықтардың есепті қысқартатын, тіпті теңестіретін тамаша мүмкіндігі болған. Төрешілер «Атланттың» екі хоккейшісін айдыннан қуып, «Барыс» артық құрамда ойнаған. Алайда бесеулеп жүріп, айдын иелерінің үш ойыншысын бір жарым минуттай, төрт хоккейшісін үш минутқа жуық қыспаққа алса да, астаналықтар гол соға алмай, пұшайман болды. Ал «Атлант»…

0
0
431

Құрлық әскерлері: боксшы чемпиондарды анықтады

Бүгін Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында өткен бокстан алғашқы ашық чемпионат аяқталды. Елорда төрінде төрт күн бойы сегіз салмақ дәрежесінде 68 боксшы чемпиондық атаққа кім лайықты екенін өзара сарапқа салды. Біріншілікке «Астана», «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан, сондай-ақ әскер тектерінен, құрамалар мен бөлімдерден 10 команда қатысты. Өз салмақ дәрежесінде әскери қызметшілер Жандос Жанпейіс (56 кг), Талғат Орақбаев (60 кг), Алмас Исаев (64 кг), Еркебұлан Егеубаев (69 кг), Абзал Орынбаев (75 кг), Руслан Шайхулин (81 кг), Руслан Дадаханов (91 кг) және Николай Бескоровайный (+ 91 кг) чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ал, командалық есепте жүлделі бірінші орынды Аэроұтқыр әскерлерінің боксшылары иеленсе, екінші орынды Отар 40-шы әскери базасының былғары қолға…

0
0
349

http://adisker.ucoz.net/ мұғалім портфолиосы

2
0
13305