Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында командирлік әзірлік жөніндегі сержанттар жиыны аяқталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 10810 әскери бөлімінің базасында құрылымдар мен бөлімдердің батальон, дивизион сержанттарының он күндік жиыны аяқталды.

Қырықтан астам сержант сержанттық құрамның тиісті лауазымына сәйкес әдістемелік және тәжірибелік біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемелері де қарастырылды.

Сержанттар жиынына қатысып, үздік атанған 27943 әскери бөлімі танк батальонының сержанты 2 сыныпты сержант С. Сағымбаев:
– Бұл секілді жиындардың бізге берері көп. Біз бұл шарадан қызметімізге пайдаланатын көп тәжірибе алып қайттық, – деп атап өтті.

Сержанттар жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіпке қатысты өзекті мәселелерді талқылауда белсенділік танытты. Жеке құрамға жауынгерлік әзірлік бойынша сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына, сондай-ақ әскери, техникалық және арнайы біліміне назар аударылды. Топтық сабақтарда теориялық білімді тереңдетіп, оны тәжірибе жүзінде көрсете білуге барынша мән берілді.

Сержанттар әскерлерді басқару жүйесіндегі алғашқы буын болып табылатынын атап өткен жөн. Олардың жеке дайындығына, үлгісіне, талап  ете білу қасиетіне және өздерінің білімі мен қабілеттерін қолдана білуіне бөлімше мен әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік машығы байланысты.

Жиынды үздік аяқтаған сержанттарға сертификаттар табыс етілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
433

Осы тақырып бойынша

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында командирлік әзірлік жөніндегі сержанттар жиыны аяқталды - Yvision.kz