Астанада теннис күні аталып өтті
Аталған спорт түрінің елордалық әуесқойлары — 6-8 жастағы балалар да бұл мерекеден тыс қалған жоқ. «Дәулет» СК балаларға арналған іс-шара барысында кортта көңілді старт түріндегі 10 түрлі жарыс ұйымдастырылды. 150 астам жас теннисші өзара күш сынасты, ал ата-аналары жанкүйерлер ретінде оларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Іс-шараға қатысқандар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Қазақстандық Теннис федерациясының атынан Диас Досқараев балаларды құттықтап, сөз сөйледі, ал «Дәулет» спорт кешенінің директоры Қуандық Елжанов іс-шараның бастамашысы ретінде балаларға жаттығу кезінде де осындай жігерлілік көрсетулерін тіледі.
Айта кетейік, «Дәулет» спорт кешенінде 724 бала тенниспен айналысады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

