Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында «Оскар» сыйлығы иегерінің мультфильмі көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында көпшілік назарына «Оскар» сыйлығының иегерінің мультфильмі көрсетіледі, деп жазады РБК.

Ресейлік мультипликатор Александр Петров аталмыш шара үшін  сиқырлы жалын құс туралы аңыз негізінде төрт бөлімнен тұратын мультипликациялық туындыны арнайы түсірді. Ертегідегі тауыс құс Ресейдің кең байтақ өлкесін шарлап, таулары мен өзендерінен, ормандары мен алқаптарынан асып, ең соңында «Фишт» стадионына келіп қонады.

Бұл шығарманың авторы А.Петров 2000 жылы «Шал мен теңіз» атты мультфильмі үшін американдық киноакадемияның «Оскар» сыйлығын иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Сочидегі «Фишт» стадионында 7 наурыз күні өтеді.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
 
0
0
320

Осы тақырып бойынша

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында «Оскар» сыйлығы иегерінің мультфильмі көрсетіледі - Yvision.kz