Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық паралимпиадашы Александр Колядин мәреге 13-ші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бұл күндері Сочидегі Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Александр Колядин классикалық стильдегі 20 шақырымдық жарыста 13-ші орынды иеленді, деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

Шаңғы жарысы мен биатлоннан жарыстар кешенінде Александр жетінші орынға шықты. Жарыс қортындысы бойынша ол жеңімпаздан 13 минут 05,2 секундқа қалып қойған.

Айта кетейік, Паралимпиаданың бұл жарысында алтын мен қола жүлдені ресейлік Рушан Миннегулов пен Владислав Лекомцев қанжығаларына байлады. Ал күміс алқа Илка Томистоға бұйырды.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
 
0
0
313

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық паралимпиадашы Александр Колядин мәреге 13-ші болып келді - Yvision.kz