Капиталдандыруы бар және капиталдандыруы жоқ депозит

Сурет www.onemint.com сайтынан алынған
Сізге депозит ашу туралы ой келді делік, сол ой сізді жетелеп, банкке алып барды делік. Банктегілер: "Сіз капиталдандырумен немесе капиталдандырусыз депозит ашқыңыз келе ме?", - деген орынды сауал қою мүмкін.
Осы сәтте дұрыс таңдауды жасау үшін алдымен осы екеуінің не екенін ажыратып алайық.
Жалпы банк салымы пайыздардың есептелуін ұйғарады. Бірақ осы пайыздар салым табыстылығының жалғыз өлшемі емес. Тағы бір маңызды көрсеткіш - ол пайыздардың есептелу тәртібі. Осыған байланысты салымдар екі түрге бөлінеді: қарапайым депозиттер және пайыздары капиталдандырылатын салымдар.
Осылайша қарапайым салым бойым бойынша пайыздық табыс, әдетте, шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін есептелініп, төленеді, немесе осы әрекеттер белгілі бір уақыт аралықтарында (ай, тоқсан, жартыжылдық) жасалады.
Алайда осы пайыздық табыс аталған екі жағдайда да негізгі салымнан бөлек болады. Яғни, ол салымшыға беріледі немесе жеке шотқа аударылады.
Ал капиталдандырылуы бар салымдар өзгеше жұмыс істейді. Мұнда пайыздардан болатын табыс мерзімді түрде салымның өзіне қосылады да бұдан кейінгі пайыздар алдыңғы пайыздардың арқасында артқан соммаға есептелінеді. Ол дегеніміз пайыздар пайыздарға есептелінеді. Осындай салым үлгісі оңай емес есептеуді қажет ететіндіктен күрделі пайыз деп те аталады.
Табысты капиталдандыру механизміне мысал:
Сізде 200 000 теңге бар деп алайық. Бір жартысын қарапайым депозитке саласыз, ал қалғанын тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар депозитке салдыңыз. Екі жағдайда да орналастыру шарттары бірдей: салым ұзақтығы - 12 ай, пайыздық мөлшерлеме - 10 жылдық пайыз.
Салымдардың табыстылығы төмендегі кестелерде:
Қарапайым депозиттік салым

Тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар салым

Кестелерден келесіні аңғаруға болады: қарапайым депозит бойынша жалпы жылдық табыстылық 10 000 теңгені құрады, ал тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар салым бойынша - 10 381,29 теңге. Осылайша екінші нұсқа табыстырақ болды және пайданы 3,8 %-ға арттырды.
Жоғарыда тоқсан сайынғы капиталдандыруға мысал келтірілді, егер ол ай сайынғы болса, табыс 10 471 теңге болар еді, ал жарты жылғысында - 10 250 теңге. Капиталдандыруы бар салымға салынатын депозит соммасы қаншалықты жоғары болса, табыс нәтижелілігі де соншалықты жоғары болады.
Бұдан шығатын түйін: егер қарапайым депозит пен капиталдандыруы бар салым арасындағы пайыздық мөлшерлеме бірдей болса, капиталдандыруы бар депозитке артықшылық берген жөн.
Бірақ банктегілер де ақымақ емес, сол себепті әдетте капиталдандыруы бар салымдарда пайыздық мөлшерлеме төменірек болады.
Мұндай жағдайда түрлі шарттарды ескеріп, банк ұсыныстарын мұқият зерделеп, есептеулерді жүргізіп, ең табыстысын таңдау қажет.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктердің көбісі капиталдандыруы бар депозиттерді ұсынады.
Ең бастысы банк өнімінің берілу шарттарын мұқият оқыңыз, әсіресе ұсақ шрифтпен жазылған жерлерін (көп маңызды ақпар алуға болады).
Және де банк қызметкерімен бірге отырып, салымның жалпы құрылымын қарастыруға болады. Капиталдандыруы бар және капиталдандыруы жоқ депозит үлгілерін есептеп, салғастыру артық болмас.
Еңбекпен тапқан ақшасын депозитте еселегісі келетіндерге іске сәт!
