БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес
WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі.
«Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді», — деді Санчес.
Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

