Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде автокөліктер мен шиналарды кәдеге жарату жүйесін құру мәселелері талқыланды
2014 жылдың 9 сәуірінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі қағидаттарын ендіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырыс болып өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Талғат Ақсамбиев, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық ассоциациясының атқарушы директоры Вера Мустафина, Қазақстан автобизнесінің ассоциациясы президентінің кеңесшісі Наталья Пак, сондай-ақ, шиналарды импорттайтын және оларды кәдеге жарататын мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Аталған шараға қатысушылар автокөліктер мен шиналарды кәдеге жаратудың пәрменді жүйесін құру мәселесін жан-жақты талқылады. Бұл мәселелер Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамада қарастырылған ө…


