Мазмұнға өту

Жаңа

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы екі кездесуін өткізді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы биыл да әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «В» тобында бақ сынайды. Мұны деңгейі жағынан «үшінші топ» деп түсінген дұрыс. 2012 жылы бірінші дивизионынның «А» тобында соңғы орынға табан тіреп, «В» тобына түсіп қалғанбыз. Былтыр осы топта бірінші орынға ие болып, «А» тобына қайта оралуды мақсат тұтқанбыз. Бірақ оған қыздарымыздың шамалары жетпеді. Биыл да шыға алмайтын болып отыр. Себебі хоккейші қыздарымыз алғашқы екі ойында-ақ сүрініп, жеңілістің кермек дәмін татты… Жалпы, Вентспилсте өтіп жатқан әлем чемпионатының «В» тобында биыл Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Солтүстік Коре…

0
0
232

Головкин әлемнің көрнекі боксшыларының тізіміне енді

WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің әр жекпе-жегін «триллер элементтері бар боевикке» айналдыра білетін 11 көрнекі боксшысының тізіміне енді деп хабарлайды Vesti.kz. Күні кеше 32 жасқа толған Геннадий Головкин Sports.ru порталының нұсқасы бойынша әлемдік бокстың ұрғанынан тұрғызбайтын алыбы саналады. Ол — әлемнің қазіргі чемпиондарының арасында үздік нокаутшы да. Оның үстіне, 2008 жылдан бері кәсіби боксшы қарсыластарының бірде-бірі жекпе-жектің ақырына дейін шыдай алмаған. Головкинмен бірге жекпе-жегін тамаша көрініске айналдыратын әлемнің көрнекі боксшыларының қатарына ресейліктер — Руслан Проводников, Сергей Ковалев, америкалықтар — Брендон Риос, Майк Альварадо, Деонтей Уайлдер, аргентиналықтар — Маркос Майдана, Лукас Маттиссе, филип…

0
0
270

Футбол додасы енді қызды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бесінші турдың ойындары аяқталып, көшбасшы ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бесінші турда «Ақтөбенің» айдарынан жел есті. Биылғы маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрген, жігерлі «Жетісуды» қабылдап, жеңіске жетті. Жалғыз голды Бразилия тумасы, Армения құрамасының шабуылшысы Маркос Пиззелли соқты. «Ақтөбе» осы жеңісінің арқасында бірінші орынға шықты. «Шахтер» де ақтөбеліктер сияқты енді екпін алып келеді. Бұл турда кеншілер клубы да биылғы маусымды өте жоғары қарқында бастаған, өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүрген «Атырау» клубын қабылдады. Екінші таймда екі гол соғып, үш ұпай еншіледі. Әрі көшбасшылар қатарына қосылды. Бесінші турға дейін көш бастаған «Астана» Алматыда «Қайратпен» ұпай бөлісті. Міне, бес тур өтті, елорда клубының қақпас…

0
0
325

Павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты

Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық лиганың күміс жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Биылғы чемпионатта «Ертіс» әйелдер клубы бас бәйгеден үмітті болатын. Алайда алтын бұйырмай, бірнеше ұпайы кем павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты. Салтанатты марапаттау рәсіміне танымал спортшылар мен аға буын ардагерлер қатысты. Аймақ басшылары жаңа маусымда танымал спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: - Қазіргі таңда тек қана волейболға ғана емес,сонымен қатар, басқа да спорт түрлеріне де жақсы көңіл бөлініп жатыр. Бүгін үлкен мереке, волейболшы қыздарымыз жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Келесі жылы бірінші орынды иеленеміз деп үмітеніп отырмыз. Елена Эзау, «Ертіс-Қазхром» ойыншысы: - Толқып тұрмын. Біздің ко…

0
0
364

«Ертіс» командасы өз атағын қорғап қалудан үмітті

 

Әзірге керекулік хоккейшілердің аяқ алысы жақсы.

Алғашқы кездесу 2:1 есебімен аяқталса, екінші матч 5:4 нәтижесімен «Ертістің» пайдасына шешілді. Әсіресе, жанкүйерлер үшін тамаша ойын болды. Шайба алма-кезек 2 қақпадан табылып, соңында айдын иелері басымдық байқатты. Мартин Хьюс бір нәтижелі пас пен екі шайбаның авторы атанып, «Ертістің» жеңісіне өз үлесін қосты. «Арлан» хоккейшілері енді Көкшедегі қарымда ойында есе қайтаруға ұмтылады. Алайда көкшетаулық командаға қиын болары сөзсіз. Павлодардағы кездесуде қақпашы Евгений Царегородцев пен Яник Риндео ереже бұзып, келесі ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қарымта кездесулер 10-11 сәуірде өтеді.

0
0
370

Ойлайсың ба

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Күн сәулесі щыққанда, ойлайсың ба?

Еске алып таңдарды, бірге атырған.

Әсем әуен айтылса, ойлайсың ба?

Жүрегіңді сол кезде, бір толқытқан.

 

Самал желде сен мені, ойлайсың ба?

Жылыуыңмен аймалап, бір өткенде,

Әлде суық күндерде, ойлайсың ба?

Есіңде ме, гүл алып, мен келгенде?

 

Жапалақтап қар жауса, ойлайсың ба?

Қармен ойнап, жүруші едік, баладай.

Көктем келсе күнімен, ойлайсың ба?

Бар тіршілік, біз үшін, оянғандай.

 

Сары күзде, жапырағыңмен, ойлайсың ба?

Жатушы едік, сары кілем үстінде.

Жаңбыр жауса, тамшылап, ойлайсың ба?

Сақтап мені, ең болмаса, көңіліңде.

 

Маған келсең, күндіз – түні, ойлаймын,

Сол күндерді, еске сақтап, торлаймын.

Бұл бал кезді, мәңгі, есте сақтаймын,

Сен болмасаң, менде жоқпын, болмаймын.

0
1
505

Банктерге сенім бар....

Орыс мақалы "қаз балапандарын күзде санайды" демеуші ме еді. Девальвацияның дағдарысынан кейін осының да реті келді. WhatsApp арқылы таралған дүрмектен кейін смс-шабуылға ұшыраған 3 банктен салымшылар 169 млрд теңгеге жуық қаржыны алып кеткен. Оның ішінде ЦентрКредит жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бұл Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес болжанған көлемнен 20-30%-ға төмен. Осы ақпаратқа орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олардың мәлімдеуінше қазіргі таңда салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. Банк басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді: «Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр.…

0
0
370

Ақтаудағы авиациялық базада жаңа штаб пайдалануға берілді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жұмыс сапармен Ақтау гарнизонында болды. Сапар барысында Бас штаб бастығы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімінің жаңадан салынған штабының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа заманға лайықтап салынған штаб үйінде әскери қызметшілерге барлық жағдай жасалған. Ғимаратта офицерлердің мәжіліс залы, брифинг зал, психологиялық жеңілдеу бөлмесі, тіл үйренушілер үшін лингофон кабинеті, спорт залы, асхана орналасқан. Жаңа нысан қызметке қажетті құрылғылармен толықтай жарақтандырылған. Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да заманауи үлгіге сай жабдықталған. Онда жауынгерлік қызметті атқару үшін бейнеқондырғылар қойылған. Енді кезекші қызмет орнында отыр…

0
0
427

Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. «Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарм…

0
0
682

Бүгін Дін істері агенттігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан ‑ 2017. Мақсаттардың ұлттық іс-әрекеттер жоспары» сайлау алды тұғырнамасының аясында «Діни әсіре белсенделіктің алдын алу саясаты: діни төзімділік және рухани отарлауға қарсы иммунитет» тақырыбында өтті. Кездесу барысында депутаттармен мемлекеттегі діни ахуал, еліміздің зайырлы мемлекеттік құрылымы аясындағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, деструктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері, өңірлердегі терроризмге қарсы комиссиялардың экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу жұмыстары, «Е-ислам» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының қызметі туралы мәселелер талқыланды. Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов өз баяндамасында Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты Елбасы Н…

0
0
415