Қаржы полициясы 100-ден аса адамды алдаған алаяқтарды ұстады
2014 жылғы 31 наурызда Қаржы полициясы агенттігі Отт және Айтбаеваға қатысты алдын-ала сөз байласқан топ болып аса ірі көлемде алаяқтық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Олар 2013-2014 жылдары Астана қаласында 100-ден аса адымды алдау және олардың сеніміне қиянат жасау арқылы бұрын алған несиелерін жауып береміз деген сылтаумен екінші деңгейлі банкілерде жаңа несиелерді рәсімдеуге көндірген. Несиеге алынған ақшалай қаражат пен тауарларды өздері иемденіп отырған.
Аталған кезеңде 100-ден аса адамның атына жалпы соммасы 112 млн.теңгеден аса қайтарымсыз тауарлық және ақшалай несие алынған.
2014 жылғы 2 сәуірде Алматы ауданының №2 сотымен Айтбаеваға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы санкцияланды, ал Отттан асырауында жасөспірім екі баласының болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қылмыстық іс тергелуде.
Қазіргі кезде қаржы полициясымен Отт және Айтбаева несие алуға көндірген адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Азаматтардың назарын Айтбаева Асемгүлдің өзін «Әсел», «Мадина» деп таныстырғанына аударамыз.
Аталған тұлғалардың іс-әрекетінен жапа шеккен барлық тұлғаларды қаржы полициясы органдарына келесі телефондар бойынша хабарласуын сұраймыз:
8 (7172) 90-90-40; +7 701-5270754
