«Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» семинар-тренингі бойынша есеп
11 сәуірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары мен халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ қызметкерлері үшін «Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Семинар «жасыл» экономиканың әдіснамасы саласында хабарда болуды арттыру және «жасыл» принциптерді елдің экономикалық саясатына енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Т.А. Ахсамбиев ашты. Өз сөзінде ол осы шараның Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасын орындау шеңберінде, сонда…




