«Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» семинар-тренингі бойынша есеп
11 сәуірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары мен халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ қызметкерлері үшін «Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.
Семинар «жасыл» экономиканың әдіснамасы саласында хабарда болуды арттыру және «жасыл» принциптерді елдің экономикалық саясатына енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Т.А. Ахсамбиев ашты. Өз сөзінде ол осы шараның Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге семинардың ашылуында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Н.Н. Зарудная сөз сөйледі. Атап айтқанда, ол Қазақстанның «жасыл» даму жолының басында тұрғанын және де алда біраз іс-қимыл жасау керектігін, ең бастысы, заңнамалық негіздерін құру туралы айтты.
Спикерлер ретінде «жасыл» экономика саласындағы танымал халықаралық және отандық сарапшылар: РЖҒА академигі, Париж-Дофин Университетінің профессоры (Франция), РФ Қоғамдық палатасы орнықты даму институты директорының орынбасары, профессор, э.ғ.д. С.Н. Бобылев; «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина; Латвия Орнықты даму кеңесі мен «ВАО» директорлар кеңесінің төрағасы, Қоршаған орта, биоэнергетика мен биотехнология саласындағы құзыреттілік орталығының мүшесі Я. Вилгертс; табиғатты қорғау заңнамасы бойынша сарапшы А.Н. Мирошниченко қатысты.
Семинар қатысушылары «жасыл» экономикаға көшудің еуропалық тәжірибесімен, ҚР-да «жасыл» экономиканың жай-күйі және келешегімен, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу, «жасыл» салықты енгізу және ҚР-да «жасыл» дамуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тетіктерімен танысты.
Семинар аясында қатысушылар Қазақстанда «жасыл» дамудың келешегі жайлы ой бөлісті. ҚР Парламентінің Сенаты депутаты Ж.М. Нұрғалиев пікірлерді қорытындылай отырып, өткен семинардың «жасыл» экономикаға стратегиялық бағытталуды түсіну және қоғамның барлық секторларын Тұжырымдаманы іске-асыру үрдісіне белсеңді жұмылдыруда маңыздылығы мен пайдалылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ және «Жасыл Академия» ҒБО сертификаттары тапсырылды.
