Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады
Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. «BNews.kz», 14.04.2014ж.
2011 сәуірде Жамбыл облысында заңсыз сақталып келген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. Бұл туралы BNews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметі қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын атап көрсетті.
«Қару-жарақты полицияға өткізгендерге өтемақы қарастырылған. 2014 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млн теңге қаржы бөлінді», - деп хабарлады полициядан.
