Футбол: «Ақтөбе» командасы «Ордабасыдан» ұтылды
Футболдан Қазақстан чемпионы жаңа маусымда алғашқы ұтылысына жол берді. Актөбелік командадан шымкенттік «Ордабасы» басым түсті.
Шымкентте өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен алға шықты. Жалғыз голдың авторы ретінде шабуылшы Эдин Юнузович танылды.
Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. «Ақтөбе» 11 ұпаймен үшінші орынға төмендеді, деп жазады Vesti.kz.
Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

